Мақсұт Исахов Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Oinet.kz 07-02-2020

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

photo_63527.jpeg

Осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.

Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер.

Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Пернебайұлы еліміздің бірқатар облыстарында кеден саласында, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында қызмет атқарған.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы,  аталған қалада энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

Қазақстанның Бас мүфтиі ауысты
Cерікбай қажы Ораздың бас муфти қызметінен не үшін кеткені белгілі болды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×