Мақтааралда тұрғындарды жаппай көшіріп жатыр

Oinet.kz 02-05-2020

 6b6e9289-38e9-45a9-8330-3c495d85c34c.jpg

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басу қаупі туған ауылдардың халқын көшіру шаралары жүргізілуде. 

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2 мамыр, сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын "Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)" арнасында су ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді. Облыстық маңызы бар Мырзакент-Жеңіс-Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алып кетуі салдарынан көліктер жүре алмауда.

Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылуда.

Мырзакент елдімекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар;

-Фердоуси елдімекенінде 314 үй, 2377 адам тұрады;

Жантақсай елдімекенінде 95 үй, 700 тұрғын бар;

Апатты-құтқару жұмыстарына Түркістан облысымен қатар Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмылдырылуда. 

Ұлттық гвардияның 6506 бөлімшесінен 300 адам,  аудандық полиция бөлімінің 7 техникасы мен 70 қызметкер, жергілікті атқарушы органнан 40 қызметкер, 5 техника тартылды.

Дариға Назарбаева көпшілікті алаңдатып жүрген бірнеше мәселені талқылады
Ким Чен Ын саяси сахнада қайта көріне бастады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×