Айсұлтан Назарбаев қайырымдылық жасады

Oinet.kz 17-05-2020 10055

Айсұлтан Назарбаев карантин кезінде отбасыларға қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Айсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласының бір шағын ауданындағы отбасыларға азық-түлік пен қаржылай көмек көрсеткен көрінеді. Бұл жөнінде белгілі желі қолданушысы Жолымбет Мәкіш фейсбук парақшасында жазды.

- Айсұлтанның астанадағы бірнеше үйге жолай кіріп шығып, пакет-пакет тамақ үлестіріп, біразының қолына ақша ұстатып кеткені рас болып шықты. Алдындағы дін туралы жазғанына байланысты ештеме айтқым келмейді. Оны осы жерде үндемей отырған теологтар мен дін өкілдері-ақ айтсын, айтқыш болса. Айсұлтанның жолы түскен сондай үйдің бірі – Сәнді Ақылай апайымыздың үйі екен. Үйге аяқ асты кіріп келіп, өзін «Алла жіберді» деп айтыпты. «Өте қарапайым, адамның көзіне тік қарайтын жылы жүзінен бір мейірімді байқадым» — дейді, Сәнді апайымыз. Айсұлтанның ішінде не болып жатқанын білмейміз. Өзі оған «Жүрек перзенттері» деп аталатын мына кітабын сыйға беріпті. Қасында атқосшылары көп екен. Қазақша мүлдем білмей ме деп ойлап едім, қазақшаға жетік болмаса да, екі тілде бірдей сөйлеген көрінеді. «Ауыл жақта бір аналар бар еді, соған да баруым керек» деп, Айсұлтан содан көп бөгелмей, қайта кетіп қалыпты. Қандай оймен қайырымдылық жасап жүргенін білмеймін, егер халыққа шынымен де жаның ашып жүрген болса, Алла жар болсын cаған, Aisultan!, — дейді Жолымбет Мәкіш.

Израильдегі Қытай елшісі өлі табылды
«Президент мырза, уақыт келді» - Қажыгелдин Тоқаевқа хат жазды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу