Тоқаевтың туған күнінде жарияланған суреттері Елбасының дәуірін еске түсіреді

Oinet.kz 18-05-2020 1207

Oinet.kz хабарлайды - Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттер басшыларынан, үкімет және парламент төрағаларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түскен.   

Screenshot_5.jpg

Screenshot_6.jpg

-Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Владимир Зеленский, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Армения Президенті Армен Саркисян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Молдова Президенті Игорь Додон, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, бұдан бөлек Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко,  ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады. Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтаған жеделхаттар толассыз келіп жатыр,-делінген ақпаратта. 

Screenshot_9.jpg

Screenshot_10.jpg

Жалпы, Тоқаев президент болғалы туған күнін осыменен екінші мәрте атап өтіп жатыр. Былтыр елеусіз өтіп кеткен туған күн биыл карантин жағдайына қарамастан еске алынды. Неге? Туған күнде кейбір ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде президенттің цитаталары жарияланып жатты. Осы мақалаларда жарияланған суреттер Елбасының дәуірін еске түсіреді.  Әрине, мұндай фотолардың кез-келген мемлекет басшысының архивінен табыларына күмәнданбаймыз. Дегенмен бұдан имиджмейкерлердің Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшы ретіндегі кескін-келбетін қалыптастыруға мықтап тұрып кіріскені байқалады. 

Screenshot_7.jpg

Screenshot_8.jpg

  Бұған дейін президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли:

-Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған,-деп жазған еді. 

Screenshot_11.jpg

Screenshot_4.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтаушылардың арасында АҚШ президенті Дональд Трамптің, Түркия президенті Режеп Ердоғанның аты-жөндері аталмады. Шамасы, Тоқаевтың бұл елдердің президенттерімен туған күнде құттықтау алмасу дәстүрі әлі қалыптаспаса керек.  

Айтпақшы, Қазақстан президенті биыл 67 жасқа толды.

«Президент мырза, уақыт келді» - Қажыгелдин Тоқаевқа хат жазды
Тоқаев Қаржы министрін лауазымды қызметке тағайындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу