Тоқаев: Біздің шенеуніктер халықпен кабинетінің немесе қызметтік көлігінің терезесінен араласады

Oinet.kz 02-04-2019 1280

249222d19775c3686e5ef2ea44b9960d_XL.jpg

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" және "Айқын" газеттеріне берген сұхбатында әкімдердің есеп беру форматының ескіргенін мәлімдеді деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. Ұзын-сонар баяндамаладардың халықты жалықтыратынын тілге тиек еткен Президент шенеу­ніктерге  қара­пайымдылық, адами қарым-қатынастардың жетіспейтінін қадап айтты. 

"Біздің шенеуніктер халықпен кабинетінің немесе қызметтік көлігінің терезесінен ғана араласқанды қош көре­тіндей. 

Әкімдерді жинаған кеңесте мен бұл әдетті тыюды қатаң ескерттім. Халықтың сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешуге ұмтылыс жасау маңызды. Бұл үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу, жүргізіліп отырған саясатты жеріне жеткізе түсіндіру де өте қажет нәрсе. 

Халыққа ашық қызмет көрсетуге қажетті барлық коммуникациялық құрал­дарды пайдалана білген жөн. Сонымен бірге кері байланыс орнатудың пайдасы зор. Өкінішке қарай, халықпен төте бай­ланыс барлық жерде бірдей емес, байланыс орталықтары еліміздегі 17 әкімдіктің тек төртеуінде, ал мобильді халықтық бақылау 7 өңірде ғана бар. Мұндай жағдайда атқарушы билік елдің мұң-мұқтажына дер кезінде жауап қата алмайды.  Өңір әкімдері халықпен есептік кездесулерде ғана емес, тұрақты негізде кездесіп, барлық елді мекенді аралауға тиіс",- деді Президент. 

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Президент: «Екіұдайылыққа» жол бермеймін
Мемлекет басшысы Түркістанда атқарылатын шаруалардың бастан асатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу