Тауық сатып жүрген қарияға аудан әкімдігі бір пакет азық-түлік берді

Oinet.kz 11-05-2021

Алматы облысы, Қарасай ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері тауық сатып нәпақасын тауып жүр. Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Инстаграм парақшасында жариялады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Соғыс ардагері.jpg

- Амандық Баталов, (Алматы облысының әкімі - автор) назарыңызға аласыз деген сенімдеміз. Әлде қызық емес пе? Көздерін жәутеңдеткеніміз болмас. Талай мықтыларды дайындап шығарған ақсақал кез - келген марапатқа лайықты деген сенімдемін. Достар, абызымызға тауық сатқызғанымыз ұят жағдай, иә? - деп жазды журналист. 

Журналистің бұл сынына Қарасай ауданы әкімдігі ресми парақшада дер кезінде жауап берді.

- Видеодағы қария – Ресей тумасы Қапшамет Байбосынов. Ол 1924 жылы дүниеге келген, 1955 жылдан бері Алматыда тұрып жатыр. Тұрғылықты жері ретінде Алматы қаласының Медеу ауданы көрсетілген. Қазіргі кезде қарияның жұбайы ауруханада жатыр, ал үш баласы қалада бөлек тұрады. Қапшамет Байбосынов тауық, қаз және күркетауық асыраумен айналысады. Қандай да бір арыз-шағымдары жоқ. Біздің қызметкерлер қарияны іздеп барды. Ол тауықты келіні сатқанын, өзінің қасында тынығып отырғанын айтқан. Сол сәтте түсірілген видео желіде таралды. Қызметкерлер құр қол бармай, қарияға бір пакет азық-түлік табыстады», – делінген ресми жауапта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акимат Карасайского района (@akimat.karasay)

Күнсұлу Закарья: Бала көтере алмай жүргендер вакцинадан кейін жүкті болды
Елбасы Түркістанға келді (фото)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×