Ұлттық банк басшысы теңге не үшін күшейіп келе жатқанын түсіндірді

Oinet.kz 14-06-2022 5626

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Screenshot_11.jpg

Сондай-ақ ол қаржы нарығындағы белгісіздік пен тұрақсыздыққа қарамастан теңгенің нығаюына не әсер еткенін түсіндіріп өтті. 

"Мамырда жаһандық қаржы нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайды. Ұлттық валютаның нығаюы мұнай-газ  нарығындағы жоғары баға мен экспорттаушылардың салық төлемдеріне, жеке тұлғалардың шетел валютасына сұранысы төмендегендіктен нарық қатысушылары сентиментінің өзгеруіне, Ресей рублі бағамының өсуіне байланысты", - деді Ғалымжан Пірматов. 

«Орысша емес, қазақша сөйлеңдер!»: Жетісу облысының әкімі
Соғысты тек Назарбаев тоқтата алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу