Н.Шетеновты қызметінен босату туралы мәселе қозғалды

Oinet.kz 19-07-2023 455

Жоғарғы сот бүгін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетеновтыің ісі бойынша мәлімет таратты. 

Screenshot_1.png

- Жоғарғы сот тарапынан үстіміздегі жылдың мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды,-делінгшен ресми мәліметте. 

Айтап кетері, жуырда Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында жергілікті тұрғын көршісінің 5 жастағы қызын зорлап, айуандықпен пышақтап өлтірді. Қазір ол қамауға алынып, оған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Тексеру барысында күдіктінің 2006 жылы кісі өлтіріп, 10 жыл түрмеде жазасын өтегені белгілі болды. Биыл ақпанда ол арақ ішіп, ауылдасының басына балтамен ұрған. Мамырда оның ісін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетенов қараған. Ол сотталушыға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Қазіргі уақытта Бас прокуратура Шетеновтың шығарған үкіміне кассациялық наразылық келтірді.

Осыдан кейін ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде қаскөйге жеңіл жаза тағайындаған Шетеновтың қызметтен кетіру мәселесі көтерілген болатын.     

Әйтенов кадрлық ауыс-түйістер жасап жатыр
Абылай Дөңбай трансплантация отасын тегін жасамақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу