Әйтенов кадрлық ауыс-түйістер жасап жатыр

Oinet.kz 19-07-2023

Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов кадрлық ауыс-түйістер жасап жатыр. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму  басқармасының бастығы Береке Дүйсебеков қызметінен кетіп, ол қала әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 

0214a6a12cfffc413a2e76df6737c5cc.jpg

Сонымен бірге ақапарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бастығы Ержан Жолдасовтың қызметінен кеткені белгілі болды. Оның әзірге қандай қызметке барғаны белгісіз. 

Кешегі күнгі қаланы жылумен қамтамасыз ететін «Қуатжылуорталығы» кәсіпорнының басшысы болып бұған дейін «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корорациясына басшылық жасаған Расул Илимбаев тағайындалды. Ал «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшылығына Данияр Ахметжанов келді. Ол бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.  

Шымкентте 19 жыл бұрын кісі өлтірген азаматқа үкім шықты
Н.Шетеновты қызметінен босату туралы мәселе қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу