Шымкентте 19 жыл бұрын кісі өлтірген азаматқа үкім шықты

Oinet.kz 18-07-2023 389

2307180739548006g.jpg

Шымкентте 19 жыл бұрын болған кісі өлтіру ісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамды қарудан екі рет оқ атып өлтіріп, денесін қазылған шұңқырға тастап, дәйектерді өртеп жіберген. Жаза енді тағайындалды, айыпты өз кінәсін мойындаған жоқ.

19 жыл бұрын адам өлтіргені үшін Шымкент тұрғыны 10 жылға сотталды. Маманданған ауданаралық сотта жауыздықпен кісі өлтіру ісіне қатысты үкім шықты. Сот дерегі бойынша, сотталып отырған адам танысын жек көргендіктен өлтірді. Ол екі рет оқ атып, ер адам оқиға орнында мерт болған. Құрбанының денесін көшедегі әжетхананың шұңқырына тастап, айғақтарды өртеген. Ол кезде ешкім жазаланбады. Бірақ биыл наурызда ер адам ұсталды. Осы іс бойынша тағы бір күдікті бар, ол қазір Ресейде тұрады.

«Сот тергеуі кезінде тегін Билданов деп өзгерткен Харитоновқа айып тағылмады, одан куәгер ретінде жауап алынды. Қазір оған қатысты бөлек іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - деді Шымкент ауданаралық сотының судьясы Самиддин Темірәлиев.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот шешімімен ер адам 10 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өткізеді.

«Сот Газизов Ринат Рафаэлевичті ҚР ҚК 96-бабының 1997 жылғы редакциясы бойынша айыпты деп таныды. Осы бап бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді», - деп толықтырды судья.

Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ және күзетшілер оның қолына кісен салғанға дейін негізгі айыпты қазір Ресейде тұратын екінші ер адам екенін мәлімдеді.

«Кінәсіз адамды соттады, нағыз қылмыскер Ресейде, оны жеткізе алмайды, ресейліктер бермейді. Өз заңы бойынша соттаймыз деп айтты, қазір ол жақта Украинамен жағдай боп жатыр, білесіздер, оны соттай алмайды, сол себепті мені айыптады», деп мәлімдеді сотталушы.

Ол үкімге аппляциялық шағым түсіретінін айтты.


Шаяндағы жол апатынан 9 адам қаза тапты
Әйтенов кадрлық ауыс-түйістер жасап жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу