Абылай Дөңбай трансплантация отасын тегін жасамақ

Oinet.kz 19-07-2023 362

Шымкенттегі №1 клиникалық аурухананың бас дәрігерлігінен кеткен білікті трансплантолог Абылай Дөңбай аталған ауруханада бауыр мен бүйрек трансплантациясын қажет ететін науқастарға отаны тегін жасап бермек. Мұны дәрігер өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. 

Screenshot_3.png

- Кресло немесе мамандық деген сұраққа, өзімнің мамандығымды таңдадым. Сол ауруханда қалған 3 бүйрек және 1 бауыр трансплантациясын тегін жасап беремін. Ауруханамен уақытша еңбек шарты түзіп, осы науқастарға көмектесемін,- деп жазған ол.

Ал мұның алдында білікті хирург фейсбуктегі парақшасында:

- Құрметті отандастар, әріптестер және ФБ оқырмандары 2017 жылдан бастап мен Шымкент қаласының қалалық ауруханасында осы 2023 жылға дейн жұмыс істедім. Шымкент қаласының тұрғындарына алғысым шексіз. Қолымнан келгенше, өзімнің шет елден алған тәжирибемді, білімімді халқыма бердім. Бүгінгі күн ертеңге тарих демекші, осы Шымкент қаласының медицина тарихына ендірген ең сәтті уақыттарымды айтып қош айтыспақшымын.

2019 жылы 5 сағат 48 минутта Туыстық бауыр трансплантацисын сәтті жасадым.

2019 жыл сәтті 100 - ші бүйрек трансплантациясы 

2022 жыл сәтті 200 -ші бүйрек трансплантацияларын сәтті жасадым

2022 жыл Шымкент қаласында және Түркістан облысында алғашқы, сәтті , мәйіттік бауыр трансплантациясын жасадым.

2023 жыл Шымкент қаласында және Түркістан облысында қан топтары сәйкес келмейтін туыстық бауыр трансплантация жасадым.

Әр жазған тарихи күндеріме Шүкіршілік айтам. Халқымнан кешірім сұраймын. Осы кезеңде қолымнан келгенше жұмыс жасадым,- деген жазба қалдырған. 

Н.Шетеновты қызметінен босату туралы мәселе қозғалды
Полицейден коммуналшы шыққан жоқ - Ал аппарат басшысы Әлімқұловтың құзыры күшейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу