Әйтеновтың орынбасарына қатысты тергеу амалдары басталды

Oinet.kz 20-07-2023 443

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбары Мақсұт Исаховтың ұсталғанын растады.

5e3ece0420ba6897014993.jpg

- 2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды,- делінген ресми ақпаратта.

Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді. Оның қандай күдікпен ұсталғаны туралы әртүрлі ақпараттар айтылуда. Белгілі журналист М.Козачков Мақсұтовтың 200 мың доллар парамен ұсталғанын хабарлады. Ал телеграмдағы Bazhkenov Live каналы әкім орынбасарының ҰҚК департаменті бастығының орынбасарын сатып алмақ болғаны үшін ұсталғанын жазды.

Қалай болғанда да бұл Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтеновтің карьерасына ауыр соққы болып тиетіні айдан анық. 

Шымкентте Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы парамен ұсталды
Жанып жатқан көліктен 8 адамды құтқарған кім екені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу