Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы не үшін сотталды?

Oinet.kz 06-12-2023 606

full_1697116032dafa4beed825a38c13193bfc0209c275.jpg 

Шымкент қаласының мәдениет, тілдер дамыту және архивтер басқармасының бұрынғы басшысы Сәкен Шакеев сот үкімімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып бойынша кінәлі деп танылды. Басқарма басшысын биыл маусымда антикор 1 миллион теңге парамен ұстаған болатын.

Сот үкіміне қарағанда, Шакеев басқармаға қарасты Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының орынбасарынан оның еңбек шартын созып беру үшін 1 миллион теңге пара сұраған. Орынбасар ақшаны сол күні Шакеевтің жүргізушісінің «Kaspi gold» кәртішкесіне аударған.  Шакеев сотта кінәсін толығымен мойындайтынын, шын жүректен өкінетінін, іс бойынша дәлелдемелерді дауламайтынын, барлығымен келісетінін көрсетіп, соттан жеңіл айыппұл түріндегі жазаны тағайындауды сұраған.

Сот оны 30 миллион теңге айыппұл салу жазасына кесті. Ол енді айыппұлды үкім заңды күшіне енген соң екі ай ішінде төлеуі тиіс.  

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Сексендегі кейуананы жылатқан кім?
Нұрбол Тұрашбеков: Сенімгерлікке берілген нысандар мемлекет меншігінде болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу