Қазақ-өзбек шекарасынан есірткі алып өтетін үңгір табылды

Oinet.kz 04-07-2024 366

 Screenshot_2.png

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында контрабанда тасымалданатын үш жүз метрлік үңгіржол анықталды.

Бұл туралы Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған orda.kz порталы хабарлады.

«Құны бір миллиард тұратын Үндістанда өндірілген, кепілдендірілмеген дәрілер тәркіленді» деп мәлімдеді көрші елдің ведомствосы.

Үңгіржолда контрабандашылар жүктерді тасымалдау үшін жарықтандыру жүйесімен жабдықтаған. Олар Қазақстан арқылы транзитпен Үндістаннан Өзбекстанға ірі көлемдегі сапасы кепілдендірілмеген дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаған.

«Жедел іс-шара барысында «Дели-Ташкент-Алматы» рейсі бойынша жеткізілген, одан кейін туннель арқылы Түркістан облысының Сарыағаш қаласы арқылы Ташкентке тасымалданған есірткі партиясын тәркіленді.
Қылмыстық топ мүшелерінен заттай айғақ ретінде Үндістанда өндірілген 107 атаулы 17 мыңнан астам есірткі заттары – альбумин, ремдесивир, меропенем тәркіленді» деді МҚҚ.

Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 


Қоянбаевқа ешқандай айлық төленбейді—Дархан Сатыбалды
Сиань сапарында ірі жобалар талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу