Оңтүстік пен Солтүстік Корея ымыраға келе алар емес

Oinet.kz 10-07-2019 994

Screenshot_46.jpg

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған жылы 15 тамызда кәрістер  Жапония отарынан азат болғаны тарихтан мәлім. Дегенмен, сол кездегі әлемдегі қос алпауыт АҚШ пен КСРО біртұтас Корей елін екіге бөлшектеді. Оңтүстік Кореяны АҚШ өз «қарамағына» алса, Солтүстік Корея КСРО бақылауында болды. 1945-1991 жылдар аралығында АҚШ пен КСРО арасындағы суық қарым-қатынас, «қырғи-қабақ соғыс» Оңтүстік пен Солтүстік Кореяға да әсер етіп, бір-бірлерімен мүлдем араласпай, жау мемлекеттерге айналған болатын. Бұл Корея тарихындағы салдары өте ауыр өкініш. 

Биыл Корея республикасы (бұрынғы Оңтүстік Корея) Жапониядан өз азаттығын алғанына 71 жыл толғанын атап өтуде. Ал, Солтүстік Корея, яғни қазіргі КХДР өздерін Жапонияға отар болдық деп есептемейді, 1948 жылы құрылған мемлекет екендерін алға тартады. Азаттық ты атап өтуге арналған салтанатты шарада ел президенті Пак Кын Хе кезінде Корея басшылары қателікке жол бергенін өкіне хабарлады. Енді Корея ешқашан біреуге отар болмайтынын, егер біреу-міреу қауіп төндірсе, өздерін қорғай алатынын, тіпті керек болса қарсы шабуылдауға дайын екендерін айтты. АҚШ зымыранына қарсы кешен тұрғызатынын мәлімдеді. Корей билігінің бұл саясатын дұрыс түсінуге, КХДР-ды халықаралық тәртіпті сыйлайтын ел болуға шақырды. Бұлай деуіне себеп те көп. Себебі, соңғы кездері Пхеньян қайта-қайта АҚШ-қа қарсы ядролы қару қолдануға дайын екендерін айтып қоқаңдаумен келеді. Және жақында ғана Бразилияда өтіп жатқан Рио олимпадасында бауырлас Корея мен КХДР-дың гимнаст спортшылары селфи суретке бірге түскен. Осыған байланысты КХДР спортшысы заң бойынша ату жазасына кесілуі мүмкін. Бірақ, әзірге Пхеньян тарапынан бұл жайлы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.   

Мұрағаттан, 2016 ж

Путин - Сирияның «жебеуші періштесі»
Мәсімовті әулие аралауға не мәжбүрледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу