Сыздықбековтың командасында ауыс-түйістер жасалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлады.
Арман Сәбитұлы еңбек жолында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары, 2023 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың 7 тамызына дейін Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарған.
Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қыызыметіне Айдын Кәрімов тағайындалған болатын. Бұл қызметті бұған дейін атқарған Қуаныш Асылов басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.