Сот Руслан Берденовтың шағымын 8 қазанда қарайды

Oinet.kz 03-10-2025 50

Screenshot_2.png 

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовті атып кету оқиғасы бойынша шығарылған сот үкімі апелляциялық сатыда қаралады. Іс бойынша сот үкіміне екі тарап та шағымданған.

Шымкент қалалық сотының апелляциялық алқасы  шағымдарды 8 қазанда қарайды.

Руслан Берденовты  21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімдігінің алдында әкімдікке қарасты «Шымкент Тұрғын үй» ЖШС-інің директоры қызметін атқаратын Ернар Жиембай атқан.  Тамызда сот оны қасақана кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сотта ол Берденовтың қызмет барысында өзіне дөрекілік көрсеткенін, сонымен бірге оның әйеліне қатысты намысына тиетін сөздер айтқанын, инстаграмдағы оның суретіне лайк басқанын мәлім еткен болатын. Руслан Берденов сотқа денсаулығына байланысты онлайн қатысты. Сотта ол Жиембайды кешірмейтінін мәлім етті.

Сот үкімі шыққан соң көп ұзамай, Берденов әкімі орынбасары лауазамынан босатылды. Денсаулығына байланысты сотқа онлайн қатысқан экс-шенеунік арада аз уақыт өткенде Президенттің Қытайға жасаған сапарында байқалды. Күні кеше оның Алматыда өткен «Қайрат» пен Мадридтің «Реал» футбол командалары арасында өткен ойында жүргені әлеуметтік желіде жарияланды.


Ертаев рақымшылыққа заңсыз іліккен
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу