Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің бауыры қамауға алынды

Oinet.kz 02-04-2026

Қырғызстанда Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің бауыры, экс- депутат Шайырбек Ташиев «Қырғызнефтегаз» АҚ-тағы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша ұсталды, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Қазір күдікті Бішкек қалалық уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу «Қырғызнефтегаз» АҚ-дағы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша жалғасып жатыр, қажетті процессуалдық шаралар жүзеге асырылуда.

Салық қызметі жүргізген тексеріс нәтижесінде мемлекеттік компания 4 миллиард сомнан астам шығынға ұшырағаны анықталды.

Тексеру барысында анықталғандай, шығындар делдалдық «сұр» схемаларды қолдану және шикізатты күмәнді есептен шығару арқылы жасалған. Қаржылық талдау барысында пайда табудың үш негізгі арнасы анықталып, олар бұрынғы басшылыққа жақын адамдармен байланысты болуы мүмкін екені айтылды.

Бұған дейін Бішкек қаласының Первомай аудандық соты «Қырғызмұнайгаз» ісі бойынша төрт фигурантты 2026 жылдың 16 мамырына дейін қамауға алған болатын. Сонымен қатар, бұрын Ұлттық банк басшысы қызметін атқарған Мелис Тургунбаев та ұсталған, бірақ кейін сот оның бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстырған.

Түркістан облысында үш жыл бұрын пайдалануға берілген мектептің жағдайы сын көтермейді
Боқаевқа алаяқтық жасады деген айып тағылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу