Молдова ТМД құрамынан шықты

Oinet.kz 03-04-2026

Молдова парламенті Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) құрамынан шығу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл шешімді 101 депутаттың 60-ы қолдаған,- деп жазады Оinet.kz.

image.png  

Құжатқа енді ел президенті Майя Санду қол қоюы тиіс. Сарапшылардың пікірінше, Санду бұл бастаманы қолдайтындықтан, заңның күшіне енуі формалды сипатта ғана.  

Шығу себептері 

 Кишиневтің ұстанымынша, ТМД ұйымы өзінің бастапқы мақсаттарынан алшақтап кеткен. Атап айтқанда, мүше елдердің аумақтық тұтастығы мен шекаралардың мызғымастығы сақталмай отыр.  Парламент қабылдаған құжатта Ресейдің Украинаға қарсы әскери әрекеттері осы қағидаттарды бұзғаны атап өтілген.  Сонымен қатар, ТМД Мәскеудің саяси ықпал ету құралына айналды деген сын айтылған.  

Тағы бір маңызды фактор — Молдованың Еуропалық одаққа интеграциялануға деген ұмтылысы.  

Айта кетейік,  Тәуелсіз мемлекеттер достастығы 1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей, Украина және Беларусь бастамасымен құрылған. Кейін Алматы декларациясы арқылы ұйымға тағы сегіз мемлекет қосылған.  Қазіргі таңда ұйым құрамында:  Қазақстан Қырғызстан Өзбекстан Тәжікстан Армения Әзербайжан Беларусь Ресей бар.

 Сарапшылар Арменияның да болашақта ұйымнан шығу ықтималдығын жоққа шығармайды.

Дінмұхаммед Ыдырысов «Тұранның» тірлігін оңғара ала ма?
«Әйелі суық қарайды»: Трамп Макронды мазақ етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу