Энергетика министрі: Қазақстанның көмір қоры 300 жылға жетеді
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Қазақстандағы көмір саласының ел экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды Оinet.kz.

Министрдің мәліметінше, елімізде көмір қоры 33,6 млрд тоннаға жетеді және ол әлемде 10-шы орында тұр. Қазіргі өндіріс көлемі сақталса, көмір 300 жылдан астам уақытқа жетеді.
Негізгі көмір бассейндері мен кен орындары: Орталық Қазақстан: Қарағанды, Торғай, Шұбаркөл, Жалын Солтүстік-Шығыс: Екібастұз, Майкүбі, Қаражыра
Министр өндіріс көлемінің өсіп келе жатқанын, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету мен экспортты ұлғайту бағытында жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Көмірдің басым бөлігі ішкі тұтынуға жұмсалады: электр энергетикасында, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен өнеркәсіпте пайдаланылады.
2025 жылғы көрсеткіштер:
Жалпы өндіру: 115,9 млн тонна (2024 жылмен салыстырғанда 7% өсім)
Ішкі тұтыну: 85,9 млн тонна
Экспорт: 30 млн тонна (негізгі бағыттар – Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Малайзия)
Министрдің айтуынша, 2026 жылы көмір өндірісі 128,9 млн тоннаға дейін өседі деп жоспарлануда.


