Тоқаев оқитын кітаптар...

Screenshot_3.jpg

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай кітап оқитынын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz.

 "Білесіздер ме, жақында Президент Абайдың мерейтойына арналған челленджге қатысқан болатын. Менің біліумше, Мемлекет басшысы осы шараға дайындалар барысында Абайдың "Хикмет кітабын" қайталап оқып шыққан болатын. Әлем классикасы туралы айтатын болсақ, ол орыс классикасын өте жақсы біледі", - дейді Берік Уәли.  Берік Уәли соңғы уақыттары Президенттің кітап оқуға біраз қолы жетпей жүргенін айтты. "Оған қарамастан ол саяси әдебиет, көркем әдебиет және жаңа ғылыми басылымдарды оқуға тырысады. Менің білуімше, Президент бір уақытта бірнеше кітапты оқи береді", - дейді баспасөз хатшысы.

Screenshot_4.jpg

"Бүгінгі күні Президенттің жұмыс орнында Алек Россаның "Индустрии будущего" кітабы, Юваль Ноя Хараридің 21 Lessons for the 21 Century, Жүсіп Баласағұнидің "Құтты білік", Парага Ханнаның The Future is Asian кітабы тұр. Сонымен қатар ол Time, Economis газет басылымдарын және Le Monde мен "Жэньминь жибао" (электронды нұсқасында)" да оқиды", - дейді Берік Уәли. Мемлекет басшысы оқулықтарды кітап түрінде оқығанды жөн санайды екен.  "Кітап, газет не журнал мақалаларын оқығаннан кейін ол тапсырма береді. Президент үшін ақпаратты қайнар көзінен алған маңызды. Басқаша айтқанда, ол кітап не газет, халық тарапынан жіберілген жеке хат болсын ресми сайттарды, оның ішінде Tengrinews.kz-ті де оқиды", - дейді Берік Уәли.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 қаңтарға дейін оқытушылардың еңбекақысы 50 пайызға дейін артады
  • 12 дүркін әлем чемпионы басқарма басшысы болып тағайындалды
  • Елімізде нан мен ет бағасы қымбаттайды
  • Ұлттық банк төрағасы енді кредит кімдерге берілмейтінін айтты
  • ІІМ Қуандық Бишімбаевтың заң бойынша босап шыққанын айтты
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика