Антибиотиктен кейінгі диареяда не істеу керек?

Oinet.kz 04-03-2019 2535

160-1476216412-199b61ce79.jpg

Көп аурулар антибтотиктерсіз емделмейді. Алайда балаларға антибактериалды препараттарды қолдану басқа проблемаға, яғни дисбаетериозға алып келуі мүмкін. Ал ол өз кезегінде диареяны тудырады. Одан бала денсаулығына келер қауіп қандай? Бірге талдап көрейік.

Бірінші қояр сауалымыз – дисбактериоз дегеніміз не? Адамның ішегінде асқорыту мен иммунитетті көтеретін көптеген пайдалы бактериялар өмір сүреді. Бірақ кейде микрофлора балансы бұзылады. Бұл өз кезегінде бір аурудың белгісі болуы  немесе кейбір пайдалы бактерияларды жойып жіберетін антибиоктиктерді қабылдаудың салдары болуы мүмкін. 

Дисбактериоз балаларда көбіне диареядан пайда болады. Бала дәретханаға жиі барады, орындығы ылғал болады. Бұның соңы тәбеті жоғалу, жүрек айну және дене қызуының көтерілуіне ұласады. Қорыта айтқанда, ағза су жоғалтады. Сондықтан, балалардағы диареяның  дер кезінде алдын алу өте маңызды, ол ағзаның сусыздануына (құрғауына) айналып кетуі мүмкін. Ал ағза құрғауының салдары әр түрлі – қатты шөлден естен тану, талмаға дейін әкелуі мүмкін. 

Егер балада диарея басталса, не істеу керек?

Кәдімгі ауыз су құрамында қант және ағзадан тез шығып кететін минералды тұздар болмайды. Ал ағзадан шыққан заттың орнын толтыру қажет. Әдетте мұндай жағдайларда қайта гидраттайтын ерітінділер, сорпа, минералды су қолданады. Сонымен қатар баланың ас мәзірін де өзгерту керек. Аурудан толық айыққанша майлы тағамдар мен сүт бермеген жөн. Бұл кезеңде балаға банан, қайнатылған күріш, алма езбесі, кептірілген нан жеуге болады.

Ағзаның сусыздануының бетін қайтаруға Регидрон Био да көмектеседі. Ол ағзадағы су-тұз балансын қалпына келтіреді. Оның құрамында ағзадан іш өткенде бірге шығып кететін электролиттер бар. Сондай-ақ, бұл препарат ағзаға белгілі мөлшерде энергия беріп, дененің аурумен белсенді күресуіне көмектесетін глюкоза көзі болып табылады.

Регидрон Био, сонымен қатар, шек микрофлорасын қалпына келтіруге арналғандықтан,  диарея мен дисбактериоз антибиотиктер қабылдағаннан пайда болған жағдайда да өте пайдалы. Препарат ас қорыту жолындағы қалпына келтіруші және сүйемелдеуші пайдалы Лактобацилус бактерияларына ие. Оның құрамындағы мальтодекстрин осы бактериялардың өсуін арттырады және микрофлора күйіне оң әсер етеді.

Препараттың қос әсері – пайдасының дәлелі. Бала ағзасын сусыздану, яғни құрғау қаупінен арылту үшін тек су-тұз балансын қалпына келтіру жеткіліксіз. Диарея-дисбактериоздың пайда болу себебін емдеу қажет. Сондықтан Регион Био құрамындағы пайдалы бактериялар сіздің балаңыздың сауығуында маңызды рөл атқарады.

Дайындаған: Амангүл Ермекқызы

Дереккөзі: unicus.kz

Болашақ аналарға неліктен шүмектен (краннан) су ішуге болмайды?
Ұйықтай алмаудың негізгі себептері мен одан құтылудың жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу