Сексеннен асқан қарияның биі желіні жарды (видео)

Oinet.kz 21-12-2021 2374

Әлеуметтік желіде жасы сексеннен асқан қарияның «Қаражорғаға» билеген биі көпшілікті сүйсінтіп тастады. Жасы ұлғайған кісінің қимылы ширақ, биі жарасымды. Ауылдық жерде түсірілген бейнежазбада ата-әжелер "Қаражорға" әніне келістіріп билейді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

image.png

- Ата-ау, сіз аман болыңызшы. Сексен жастан асты, — деп жазылған видеоның астында.

Желіқолданушылар видеоның астына "Не деген жарасымды?!", "Ата-әжелеріміз аман болсын!", "Бізге де жұғысты болсын! Осы кісілер құсап қартаяйық", "Тәрбиесі мен көрген-білгені жақсы болып тұр ғой" деген секілді жағымды пікір қалдыруда.

Туристерді жаңа әужейда қарсы алатын күн алыс емес
Жаңа туған нәресте орманда екі күн жалғыз түнеп, аман қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу