Табиғатты аялауға шақырды

Oinet.kz 15-06-2019 662

Screenshot_2.jpg

Жақында Түркістанда жасөспірімдер мен ересектердің экологиялық сауаттылығын арттырып,  табиғат-анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелейтін ерекше көрме өтті. Табиғат ананы қорғауға шақырған іс-шараны облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі ұйымдастырды.

  Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай  өткен экологиялық эстафеталық фотокөрмені  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткенін айта кетейік. Мұнда   қоғамға ой салатын суреттер көрермен назарына ұсынылды. Бұл туындылар адам қолымен табиғатқа жасалған қастандық, жер бетіндегі күл-қоқыстар мен өндірістік қалдықтардың жан-жануарларға тигізген зардамы көрініс тапқан. Сонымен бірге өзен-көлдердің, ауаның ластануы, өсімдік әлемінің зардап шегуі де суреттерге арқау болған.

Фотокөрмені өткізуге өңірдегі бірнеше басқарманың мамандары атсалысып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаға қолдау көрсетті.  «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің, білім басқармасының жауапты мамандары қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына және колледж студенттеріне табиғатты қорғау, аналаны таза ұстау жөнінде ой қозғады. Фотокөрмеге Түркістан қаласының тұрғындарымен бірге Қ.А.Ясауи кесенесіне келген қонақтар да тамашалады.

  Экологиялық эстафеталық фотокөрме барлық аудан, қалада жалғасын табатын болады дейді мамандар.


Биологиялық әдіс – табиғи өнімнің кепілі
5 қаулы қабылданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу