Халықты тегін тексерді

Oinet.kz 18-06-2019 515

Screenshot_6.jpg

Мемлекеттің басты байлығы ол – дені сау адам. Сондықтан барлық ел алдымен денсаулық саласына айрықша көңіл бөліп, тұрғындардың саулығын ойлайды. Осы орайда жақында «Біз денсаулықты таңдаймыз!» деген ұранмен Түркістанда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетілді. 20-мамыр мен 20-маусым аралығында республиканың түкпір-түкпірінде өткізіліп отырған акция әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін насихаттауға бағытталған.

Мега ойын-сауық орталығында өткізілген акцияның мақсаты халық пен медицина қызметкерлерінің ақпарат алу саласын арттыруға, өміршеңдікті ұлғайтып,  салауатты өмір салтын ұстауға шақыру. Жергілікті халыққа медициналық қызметті қолжетімді жолын көрсетіп, қолайлы жағдай туғызу.

 Акция барысында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары медициналық кеңес беріп, қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін тексерді. Бойы мен салмағын өлшеп, қан қысымын қарады. Жедел анализдің қорытындысын естіген тұрғындар кеңес алып, медициналық қызметкерлерге алғысын жаудырды.

  Түркістан қаласының тұрғыны Мұхаммед Сабыр ойын-сауық орталығына дәрі сатып алуға келген екен. Ақ халаттылардың халықты тегін тексеріп жүргенін көріп, ол да маманнан кеңес алды. 




Бір жылдық белес
26 жаңа мектеп салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу