Қайырымды жандар баспана сыйлады

Oinet.kz 27-06-2019 603

Screenshot_32.jpg

Қайырымдылық ұлы іс. Бір адамға жасаған жақсылығың ертең өзіңе еселеп қайтары анық. Елбасы Н.назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында осыны тілге тиек еткен болатын.  

Отырар ауданындағы Темір ауылында аталмыш бағдарламалық мақалада көтерілген «Туған елге тағзым» акциясы аясында  жергілікті кәсіпкер Бауыржан Қаныбеков ауылдасына ерекше сый жасады. Кәсіпкер және «Темір» жалпы орта мектебін 1994 жылы бітірген түлектер бірлесе отырып осы кезге дейін пәтер жалдап күн кешіп жүрген көп балалы  Ербол Мүсіреповтің отбасына  баспана сыйлап,  қуанышқа бөледі. 

Бүкіл ауылды сүйсінткен аталмыш игілікті шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты. Аудан басшысы өз сөзінде «Қайырымдылық қайырлы іс» деп бекер айтпаса керек. Қиын сәтте көрсетілген көмек ешқашан ұмытылмайды. Бауыржан жыл сайын мұқтаж отбасыларды азық түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетіп келеді»,- деді.  Аудан әкімінің атынан көп балалы отбасыға тоңазытқыш, кір жуатын машина, үйге қажетті жиһаздар тарту етілді. 


Ел тыныштығын күзеткендер марапатталды
Сайрамда туризм дамуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу