Қос құда Храпунов пен Әбіләзовтың Алматыда тыңшылары бар

Oinet.kz 22-05-2020 2642

20 мамырда Нью-Йорктың оңтүстік округі бойынша АҚШ округктік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы шешім шығарды. Әділет министрлігі осындай ақпарат таратып отыр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Алматы қаласының әкімдігі және БТА Банктің талап арызын зерделеген сот Ильяс пен Виктор Храпуновтарды сотпен «мысық-тышқан ойынын» әдейі ұйымдастырды және олардың бұл іс-әрекеті жазалануға тиіс деген шешімге келген. Сот Ильястың жоғалған электрондық хаттар туралы сылтауларын ақылға қонбайды деп таныды.

Бұған дейін, сот Мұхтар Әбіләзовтың осыған ұқсас іс-әрекетін жазалаған еді. Ол кезде Әбіләзов дәлелдемелерді әшкерелеу процедурасы барысында құжаттарды ұсына алмаған болатын.

Сот Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банктің талап-арыздарына тікелей қатысы бар белгілі ақпараттың Храпуновтардың естерінде жоқ екендігі туралы мәлімдемелерін жалған деп таныды.  Ильясты тиісті айғақтарды жойған деп тұжырымдады. 

Судья Ильяс пен Виктор Храпуновтарға Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банк заңгерлеріне кеткен шығындарын төлеуді бұйырды.

Сонымен қатар, сот Храпуновтардың бұдан былай белгілі дәлелдемелерді ұсыну құқығы болмайды және алқа билерге Ильястың дәлелдемелерді әдейі жойғандығы және жойылған дәлелдемелер мәлімделген талап-арыздарды қолдайтын еді деген нұсқау беріледі деп қаулы етті. Бұған дейін, сот Мұхтар Әбіләзовқа да қатысты алқа билерге дәл осындай нұсқау берілетіндігі туралы қаулы еткен еді.

Одан бөлек, Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкінің Феликс Сатерге қарсы қатар жүріп жатқан сот процесінде де сот талапкерлердің пайдасына шешім қабылдады. Жауап алу барысында Сатер Храпуновтар мен Әбіләзовтың Алматы қаласында тыңшылары бар екендігі және оның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Сот өзінің шешімінде Әбіләзовтың 2018 жылы Қазақстанда БТА Банктің бұрыңғы басшысын өлтіргені және көптеген басқа да қылмыстар үшін сотталғандығын ескере отырып, Сатердің қорқынышы сенуге тұрарлық екендігін атап өткен.

Бекетаев Назарбаевтың айтқанын неге ескерусіз қалдырды?
Болат Назарбаев Мақтаралда үй салып, халыққа ақша үлестірмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу