Қазақстан Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Oinet.kz 28-09-2020 725

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таулы қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме министрліктің сайтында жарияланды. 

2020062820182163597_2020062819371328901_5eb913044b15f5445354.jpg

- Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді. Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз.

Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз,-делінген мәлімдемеде. 

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) Әзірбайжан мүше ел болып табылады. Аталған ұйымның мақсаты -Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге көп жақты тәсілдер жасау жолымен ынтымақтастықты нығайту.

Ильхам Әлиев: Әзірбайжан өз жерінде екінші армян мемлекетінің құрылуына жол бермейді
Түркістанда өтетін саммит келесі жылға қалдырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу