Атасының баласы

Oinet.kz 05-09-2020 918

аТА МЕН БАЛА.jpg

Байқасаңыздар ауылда әрбір баланы ел болып тәрбиелеп жатады. Кездескен үлкендердің барлығы, кімнің баласы екеніңді, руың кім екенін күнде сұрайды. Біле тұрып сұрайды. Мектепке барып келгенше сансыз сұрақтарға жауап беріп санаңа сіңіп қалғанын өзіңде байқамай қаласың.

Мен бірнші әкемнің атын айтамын. "Ее" дейді қулана. "Пәленше нағашыңа енің келіп тұр" деп қояды. Мен кәдімгідей қызарақтап қаламын. Жоға, мен әжемнің баласымын. Табан астында өзгере саламын. "Ой, бәрекелдее. Бірден солай демейсің бе? Дәу жігіт бол" десіп жатады. Пернебек деген досым бар. Одан сұраса, "Сматтың баласымын" дейді (атасы). Қайтпайды! Сен Шырынбек ағаның баласысың ғой десек, "Жоқ, Сматтың баласымын" деп мойындамайтын. Есейгенше солай кетті, досым.

Немеренің үлкенін қариялар бауырына басатыны бұрыннан бар. Одан жаман болған бала көрмедім. Керісінше өзін "Атасының баласы" деген атқа лайық ұстауға тырысады. Ағайындары да оған құрметпен қарап, төрден орын беріп, жылы-жұмсағын алдына тосып "Атасының баласы ғой" десіп жатады. Тәрбиесі де кейінгі бауырларынан бөлектеу болады. "Атасының баласы" екені сөз саптауынан, іс қимылынан аңғарылып тұрады. Еркелігі де жоқ емес...

Кейінгі кезде осы үрдіс қалып барады -ау. Баланың үлкенін Ата-Әжесінің тәрбиесіне беруге қалай қарайсыздар?

Айдар Темірбекұлы

Шырша. Жаңа жыл. Шыршаны айналған балалар
Адам неге боқтайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу