Бір самаурын шай. Таза сөйлеу туралы мысал әңгіме

Oinet.kz 08-09-2020 1578

Самаурын.jpg

Ертеректе бір ауылда егіс науқанының қызып жатқан кезі болса керек. Отағасы кешкісін жұмыстан шаршап келіп отбасымен бірге кешкі асқа дастарқан басына отырады. Ол кезде балалары жас әрі әкелеріне еркелеп улап шулап әбден мазасын алыпты. Үйдегі жеңгеміздің тілініің қотыры бар, мінезі де шайпаулау екен. Балаларының шулағанына төзімі таусылса керек "кетіңдерші әй итше шуламай, зәрімізді ішкіздіңдер ғой" деп шап ете қалады. Сол кезде жер қозғалса қозғала қоймайтын сабырлы отағасы ішіп отырған шайына шашалып қалады да ашуланып кесесін дастарқанға төңкере салады. Орнынан атып тұрып төрде ілулі тұрған қамшыны алып, әйелінің арқасынан бір тартып жібереді де самаурынды далаға алып шығуын бұйырады. Далаға шығарғаннан кейін самаурындағы суды түгел төктіреді де қайтадан су құйып қайнаттырады. Осылайша өзі қадағалап тұрып жеті рет самаурынды қайнатып қайтадан төктіреді. Содан кейін барып қабағы жазылып жеңгемізге қарап "есіңде болсын, бұдан былай ақ дастарқанымызды арамдап (зәрімізді ішкіздіңдер ғой деп) былапыт сөз айтушы болма. Самаурынды жеті рет қайнатып төктіргенімнің мәнісі де сол самаурын енді адалданды" деген екен. Содан кейін жеңгеміз абайлап сөйлеп, тілін тартып жүретін болған деседі...

Хат пен сәлде. Қожанасыр хикаялары
Ана мен ұл. Жұмақ, періште. Мысал әңгімелер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу