Сталин мүгедек ардагерлерді қайда жіберді?

Oinet.kz 06-11-2019 669

image.png

Кеңес үкіметінің соғыс мүгедек–ардагерлеріне деген қарым–қатынасын және сталинизмнің шын бейнесін көрсетеді. Екінші дүние жүзілік соғысында КСРО–да шамамен 40-60 млн адам шығыны болды. Әрине соғыста қаза тапқандармен қатар ауыр жарақат алып мүгедек болып қалғандар да жетерлік еді. Қол–аяғынан айырылған мүгедек ардагерлерге соғыстан кейін Кеңес үкіметі ешқандай бағдарламаларды қарастырмағаны да түсінікті. Еліне оралған соғыс батырларын үйінде күтіп алатын туысқандары болмағандары көшеде қайыр сұрап күн көретін. Оларда ең құрығанда жүріп–тұруға арналған мүгедектер арбасы да болмады. Кеңес үкіметі бұл соғыс батырларына кішкене болсын көмек көрсетудің орынына, олардан керек емес зат секілді құтылды. Себебі бұл адамдар «социалистік керемет өмір» бейнесіне қарама–қайшы болды. Осылайша 1949 жылы Сталиннің 70 жылдығын тойлар алдында, үйсіз–күйсіз, туысы жоқ соғыс мүгедектерін ірі қалалардан жоюға бұйрық шығарылды. Бұндай қатыгез әрекеттер тек Сталиннің заманында емес, сонымен қатар Хрущев кезеңінде де іске асырылып отырды. Соғыс мүгедек–ардагерлерін көбіне Валаам аралындағы интернаттарға орналастырған, кейін сол жерде жерлеген. Интернатта да ол кісілердің жағдайлары өте ауыр болды, көбі өз–өзіне қол жұмсап өлді. Валаам секілді «керек емес адамдардың» интернаттары союз бойынша 10 шақтысы болды. Бұл интернаттар 80–ші жылдарға дейін өмір сүрді және НКВД–қарамағында болды. Осы суреттерді 70–ші жылдардың аяғында Валаам аралында болған суретші Геннадий Добров салды.

image.png

image.png

Бес саны туралы. Білгенге маржан
1897 жылы өзбек 1 миллион 690 мың, қазақ 4 миллион 84 мың адам болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу