Қарғыстың жаманы қайсы? (Абылай ханның жауабы)

Oinet.kz 01-01-2021 918

image.png

Өз заманында Абылай хан қалмақтың бір қарғысшыл адамынан қарғыстың жаманы қандай деп сұрағанда, қарғысшыл: «Шөбің жапырылмасын!» – депті.

«Мені кедей бол дегенің ғой, бұл қарғыс емес. Халқым бай болса, бір менің кедейлігім кемшілік емес», – депті Абылай.

Екінші, «Күлің шашылмасын», – депті.

«Бұл да қарғыс емес, балаң болмасын» дегенің ғой. Өзім жақсы болсам, халықтың бәрі — менің балам», – депті.

Үшінші: «Өзің білме, білгеннің тілін алма», – депті. «Міне, ең жаман қарғыс осы!» – деген екен хан Абылай.

Қонақасы дәстүрі
Жеті атаңызды білесіз бе!?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу