Жан-жануар, жәндікті өлтіру неліктен обал? (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 822

image.png

Мұхамбет пайғамбар бірде сахабаларына:

– Алла тағала жан-жануар, жәндікті тіршілік үшін жаратқан. Оларды нақақ өлтіру обал болып саналады. Адамға өзі тиіспесе, құрт-құмырсқаға зарар бермеңдер, – депті. Бір сахабасы:

– Иә, Алланың елшісі! Адамға көмегі тиген, жәрдем берген, өлтірсе күнә болатын аң-құс, жәндік-жануарларды атап берсеңіз. Біз де ұл-қыздарымыздың құлағына құя жүрейік, – дейді. Пайғамбар:

– Адам ата ең алғаш Меккеге барып, Алланың үйін салғанда, көкқарға жол көрсетті. Сондықтан бұл құсты өлтіруге болмайды. Сүлеймен пайғамбарға көп ғибратты өсиет айтқандықтан, құмырсқаның да илеуін бұзып, азап беруге тыйым салынған. Қарлығашқа да тиіспеңдер, киесіне ұшырайсыңдар. Ол Нұх пайғамбардың кезінде адам ұрпағын жыланға азық болудан сақтап қалды. Ыбырайым пайғамбарды Намрұт отқа тастағанда, лаулаған жалынға қанатымен су септі. Намрұт Бәйт әл-Мұқаддасты қиратуға келгенде, Тәңір тағала қасиетті мешітті қарлығаштың дұғасының шарапатынан аман сақтап қалды. Бәбісекті де өлтірмеңдер. Ол Сүлейменге елші болып, оның Былқыспен табысуына себеп болған. Бал арасын да өлтірмеңдер. Оның балы – дертке мың да бір дауа, – дейді.

Осының арқасында мұсылмандар құрт-құмырсқа, жануар, жәндікті өлтіруді обал санайтын болыпты.

«Мың сұрақ» кітабынан

Сүндеттеу салты кімнен қалған? (аңыз)
Түйе неден жаралды? (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу