«Орынбор қаласы ешқашан қазақтың жері болған емес» - Алаштанушы

Oinet.kz 05-10-2021

«Орынбор қазақтың жері емес». Бұл туралы белгілі алаштанушы Сұлтанхан Аққұлұлы журналист Әлия Әшімнің «Орда: Қазақ мемлекеттілігі, шекарасы туралы» деректі фильмінде баяндады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Screenshot_1.jpg

Қазақтың қалай қалыптасқандығы, айтылып жүрген қауесет сөздер, шекарасының белгіленуі туралы деректі фильмде тек қана қазақ ғалымдарының, алаштанушылардың пікірі емес, Ресей тарихшыларының да ойы сарапқа салынады.

«Орынбор қазақтың жері». Барша қалың қазақ осы ойды ұстанады. Шын өтірігін қалай ажыратамыз?

Алаштанушы Сұлтанхан Аққұлұлы:

-Орынбор қаласы ешқашан қазақтың жері болған емес. Әлихан Бөкейханның  1913 жылы атаған 9 облыс, 1 губерниясында Орынбор облысы жоқ. Өйткені, Орынбор башқұрт жеріне салынған қала. Сондықтан Әлихандар түбегейлі қарсы болған. Орынбор қаласында халықтың 70-80%-ы казактар болды. 10-15%-ы татар,башқұрттар болды. «Орынбор біздікі» дейтіннің бәрі далбаса сөз.

Орынбор біздің ресми астанамыз ретінде 1920 жылдың қыркүйек айында ғана болды. Соның өзінде бұған Ахмет Байтұрсынов та түбегейлі қарсы болды. Өйткені біз өңкей казактардың арасында отырып қазақтарды басқара алмаймыз,- деді алаштанушы.

11 саны өлім белгісі ме?
Болса екен бар қазақтың қызы сіздей!


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×