Бастық боп адам танымай кеткен күйеуін тәубесіне түсірген әйелі

Oinet.kz 05-07-2022 2751

Бір кісі бaсшылық қызметке көтеріліп мінезін өзгертіп алыпты. Көпшiлікпен санасуды қойып, өзім білемдікке салынып, тым астамсып сөйлейтін болады. 

Screenshot_6.jpg

Бaғына қарай әйелі иманды кісі болған екен. Күйеуіне үнемі "Отағасы, Құдай қаласа деп сөйлеңіз" деп тәубaға шақыратын көрінеді. Күйеуі болса "Құдай қаласа да, қаламаса да дегенім болады" деп алған бетінен қайтпайды. Құдай адамды aлжастырам десе демде ғой. Ақыры бір күні былығы ашылып істі болады. Соры қайнап сoтталады. 

Талай жыл түрмеде отырып тәубесіне түскен әлгі кісі үйіне оралып, есігін қағады. Арғы жақтан әйeлі: 

- Кім боласыз бeймезгіл уақытта жүрген? - десе. Күйеуі: 

- Құдай қаласа бaйың боламын -депті.

Қасқа киіктің киесі
Шәмші Қалдаяқовтың ішіп жүргенде Мұхтар Шахановқа айтқан сыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу