Күйеуін тек өзінен басқа ешкімге қаратпаған әйел

Oinet.kz 02-08-2022 4685

Ертеде бір келіншек күйеуін қатты жақсы көріпті. Бірде ол күйеуін қызғанғаннан ауылының ғұламасына барып:

Screenshot_3.jpg

– Маған күйеуім тек мені жақсы көру үшін дәрі жасап беріңіз, - деп өтініш жасайды.

Ол мүмкін емес екенін білсе де ғұлама оған:

– Дәрі жасап берейін, тек оған тірі арыстанның мойнындағы қылынан кесіп алып кел, - депті.

Содан әлгі әйел қылды әкелуге бел буып, аңшыларға барады.

Олардан:

– Арыстанға қалай жақындауға болады? - деп сұрайды.

Алғашында бұл сөзге күлген аңшылар әйелдің алған бетінен қайтпайтынын көріп:

– Оның бір ғана жолы бар, оған ет беру керек, - депті.

Әлгі келіншек күнде орманға ет тасып, алыстан бір арыстанның жеп жүргенін байқап жүреді. Уақыт өте әйел етті арыстанның көзіне көрініп, кейін жақындап бере бастайды.

Арада бір ай өткенде арыстанға етті өз қолымен беретін деңгейге жетеді. Үйренген арыстанның мойнындағы қылын қайшымен оп-оңай кесіп, зуылдап отырып ғұламаға барады.

Әйелдің әңгімесін естіген ғұлама:

– Ондай дәрі жасау мүмкін емес, бірақ арыстанның тілін тапқан әйел күйеуінің тілін міндетті түрде таба алады. 

Арыстанға не істесең күйеуіңе де солай ет, ол аң емес тістеп алмайды. Сүйген тамағын бер, қабағын бағып, көзіне қуаныш сыйла. Сонда сенен басқа ешкімді жақсы көрмейтін болады, - деген екен.

Salem-нің жұлдызды сәті. Отандық сериалдар көрерменнің көңілінен шыға ма?
Қарызға алған 100 теңгені 100 мың етіп қайтарған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу