Арыс қаласында 804 үй қалпына келтірілді

Oinet.kz 13-07-2019 860

Screenshot_13.jpg

Әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрілердің жарылысынан зардап шеккен Арыс қаласында қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 804 үй жөнделді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Тек соңғы тәулікте 280 үй қалпына келтірілді. Тағы 3512 нысанды жөндеу керек, олардың қатарына жеке үйлер мен көп қабатты үйлер кіреді.

Объектілерде 5 346 құрылысшы еңбек етеді және 231 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Өңірде тұрғындар үйлерінен басқа әлеуметтік нысандар да жөнделуде. Жөндеу жұмыстарымен 62 ғимарат қамтылды, оның ішінде 53 білім беру нысаны, 6 Денсаулық сақтау нысаны және 3 спорт нысаны бар.

Қазақстанда аптап ыстық күтілуде
Наурыз тойы бұқаралық сипат алды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу