Қалың мал туралы бірер сөз...

Oinet.kz 26-08-2019 2361

d087a8c099ebad69cf20e76dc9e49fe3-696x426.jpg

 Анам кішкентай кезімде: 

- Қызым, қызым, жан қызым. 

  Адал болар жар қызым. 

  Сендей қызды бұйыртқан,

  Менің бағым бар қызым,- деп нәзік үнімен еркелетіп, сонан соң:  

- Қызым, қызым, қыз-қызым,

  Қызыма келер жүз кісі,

  жүз кісінің ішінен,

  алып кетер бір кісі,- деп  әзіл-шыны аралас шумақтармен мені жар болуға дайындайтын. 

 Иә, қыз - келешек ана. Қыздың өзгенің босағасын аттап, сол шаңыраққа сіңісіп, бақытты болып кетуі кез-келген ата-ананың арманы. Келін атанған арудың артынан келетін қалың малдың құны бүгінде қанша теңгеге көтерілді? Жалпы қалың мал төлеудің маңызы қандай? Сіз қалың малға қанша алғансыз? 

«Есім ханның ескі жолында» қызға төленетін қалың малдың кесімді мөлшері бес түрлі болған: 

Олар:

1. Байлар мен билерге - «Жүз қырықтың қалыңы» деп жүз қой, қырық қара. 

2. Жағдайы орташа болса  «Жүз жиырманың қалыңы»  - Жүз қой, жиырма қара. 

3. «Қырық жетінің қалыңы» - жеті қара, қырық қой деген кесім ( байлардың, билердің «қатын үстіне» алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы)

4. «Он екі қара» - «дөңгелек қалың»  (жары қаза болғанда кедей қызыг айттырап барғанда төленеді)

5. «Сегіз қара» (жарлы-кедейлердің өзара құда болғанда төленетін қалыңы)

 Ал, қазіргі таңда кедей-бай бөлінбейтін қоғамда қалың мал құны кем дегенде 500мыңнан бастау алып тұр. 

 Десек-те, қалың мал - қызға емес, қыздың әке-шешесіне берілетін ақша екендігін естен шығармаған жөн. Бойжеткеннің әке-шешесі жігіт жағынан берілсе де разы болып алу керек. Алынған қалың мал толығымен қаздың жасауына кетеді. Егер, бұл дәстүр - ескінікі, бізге керегі жоқ,- дер болсақ, оның түп-тамырымен кесіп,яғни қызды төркіндету мәселесінде доғару керек болады. Олай ету мүмкін емес. Қыздың жасауы - абыройы, ата-ананың Алла алдындағы парызы.   

Қожалар қазаққа жата ма?
Көлігіңіз ескірсе утилизацияға беріңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу