Томирис патшайым жайлы 10 дерек

Oinet.kz 06-11-2019 6876

Томирис Тұмар патшайым.jpg

1. Парсыларды ойсырата жеңген Томирис патшайым б.з.д. VI ғасырдың басында, массагет патшасы Спаргапистің отбасында дүниеге келген. Оның анасы — аби тайпасы көсемінің қызы.

2. Томирис дүние есігін аша сала, анасынан айырылған. Алайда, кейбір деректерде патшайымның анасы бала босанғанда емес, сәл кейін қайтыс болғаны айтылады.

3. Томирис — сақ көсемі Ишпакайдың ұрпағы. Патшайымның әкесі ел жадында асқан даналығымен, соғыстарды мінсіз жүргізу тактикасымен және тайпалар арасындағы дау-дамайды керемет шеше білетін қасиетімен сақталған.

4. Томирис бар болғаны бес жасында асау атты үйретіп, бір жылдан кейін акинакты (сақтардың 40-60 сантиметрлік семсері — ред.) қолдануды үйренген.

5. Болашақ патшайым он үш жасында найза, семсермен керемет шайқасуды білді. Садақтан оқ атуға келгенде ол ешкімге дес бермейтін. Томирис мінген ат шу дегенде маңына қара ілестірмейтін хас тұлпар еді.

6. Ол әкесі ұйымдастырған мерекелік жиындардың бірінде болашақ күйеуі Рустамды кездестірген. Рустам — тиграхауда-сақтардың патшасы Каводаның ұлы. Бірде бір рет жеңіліп көрмеген, мықты сарбаз болған. Рустамның қайраттылығы мен қайсарлығына тамсанған Томирис оны өзіне тең келетін, іңкәр сезіміне лайықты жан деп шешіп, оған тұрмысқа шыққан. Алайда, Рустам шаңырақ көтергеннен кейін әйеліне жаңа қырымен танылып, көңілін қалдырған екен. Майданда батыр жауынгер қарапайым өмірде күн сайын думандатып той тойлаудан шаршамайтын қарапайым жан еді. Еңбекқор, қайсар мінезді Томирис жолдасы ұстанған өмір салтын түсінбейтін.

7. Патшайымды тақтан құлатуды көздегендер аз емес. Томирисмен тіл табыса алмаған, одан қорыққан тайпа көсемдері бар өтініштерін ақкөңіл, көңілшек Рустам арқылы жеткізетін.

8. Сақ патшайымы Томирис — жауынгер әйелдердің пірі. Ол бірінші болып мыңдаған жауынгер әйелдерден әскери жасақ құрған. Әйелдер батырлық жағынан ер адамдардан кем түспеді. Ер кісілер секілді майданда өлімнен қорықпай батыл шайқасты.

9. Геродот "ең ұлы және ең қатыгез" деп атаған шайқас сақтар мен парсылардың арасында өткен. Шамамен б.з.д 530-529 жылдары көптеген елдерді бағындырып, "Азия билеушісі" деген атпен танылған Мидия патшасы Кир Ұлы даланы бағындыру үшін жорыққа шықты. Шайқастардың бірінде ол Томирисдың күйеуі Рустамды өлтіріп, баласын тұтқынға алды. Патшайымның ұлы Спаргапис тұтқында қаза тапты. Алайда, ақтық шайқаста массагеттер парсылардың күл-талқанын шығарып, жеңіске жетеді.

10. Патшайым қайтыс болғанда сақ әскері мен жеріне бір емес, үш ер кісі иелік еткен.

Жалпыламалық білімдер 1150-1200
Келіншектау атауы қайдан шыққан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу