9 мамыр «Жеңіс күні»- Құттықтау

Oinet.kz 24-12-2019 1743

Мемлекет басшысының құттықтауы.
Қымбатты ардагерлер, мен сіздерді бүгінгі қасиетті де қас­терлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтау үшін Астанадан Алма­тыға арнайы келдім. Сұ­ра­пыл соғыстың біткеніне, міне, 66 жыл болды, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да жақындап келеді. «Кеңес Одағы» деген үлкен мем­лекеттің миллиондаған халқымен бірге, Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қас­тер­лі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сай­ын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұр­пақ­тың ең басты парызы. Егер де ойлап қарасақ, халқымыздың басына түскен 30-шы жыл­дар­дағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен екінші бір сұра­пыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат. Бұл соғыста біздің азаматтары­мыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көр­сетті.
558 қазақстандық Кеңес Ода­ғы­ның Батыры атанды, ал оның ішінде қазақ азаматтар да аз емес еді. Уақыт өткен сайын аға тол­қын – сіздердің қол жеткізген ауқымды жетістіктеріңіздің, ірі табыстарыңыздың маңызы артып келеді. Соғыстан кейінгі күйре­ген экономиканы қалпына келтіруде ардагерлер қажырлылық танытып, атсалысты. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүй­гіш­тіктеріңіз, бірліктеріңіз, бау­ыр­малдық және ынтымақтастық қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық болып табылады. Сондықтан да сіздерге басымызды иеміз. Мұның өзі, әсіресе, биылғы жылы өз тәуел­сіздігінің жиырма жылдығын атап өтетін жас мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бір құптар­лы­ғы, аға ұрпақтың ұланғайыр же­ңісі мен еліміздің бүгінгі жеңісі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер де жеңімпаз әкелеріміздің ерлігі болмағанда, біз мұндай мем­лекетті құра алмас едік.
Жеңс күні.jpg

Туған Отанының бос­тан­дығы мен азаттығы үшін ауызбен айтып жеткізгісіз қиын­дыққа төзіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізген майдангерлерден қа­лыс­пай, тылда қажырлылықпен еңбек еткен, сөйтіп, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қоса білдіңіздер.
– Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршы­лық­ты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің баты­сына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің, анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың риза­шылығы шексіз, – деді Елбасы.
Тағы бір айта кететін жәйт, көпшілікке жақсы белгілі, сол бір сұрапыл соғыс жылдары көпте­ген зауыттар мен фабрикалар Қа­зақстанға көшіріліп, онымен бірге, көптеген адамдар да келді. Қа­зақ халқы олардың барлығын құ­шағын жайып қарсы алып, бауы­рына басты. Соғыс жыл­дары ел­дің мерейі, біздің хал­қымыздың беделі үстем болды. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезең­де әлемде қо­лайсыз жағдайлар орын алға­нына қарамастан, бү­гінгі күнге дейін бейбіт аспан астында, бейбітшілікті көзіміз­дің қарашы­ғын­дай сақтап келеміз. Ең бастысы, көп ұлтты халқымыз­дың арасындағы дос­тықтың нә­тижесінде тату-тәтті тіршілік жалғасуда. Қазақ­стан­ның бү­гінгі жетістігі, әлемдік дең­гей­дегі абырой-беделі, сіздерді, ардагерлерді қуантады деп ойлай­мыз.
Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған салтанатта ардагерлермен жүздесу кезінде Елбасы республика халқының арасында ынтымақтастықты одан әрі ны­ғай­ту бағытындағы ауқымды іс-шаралар мен жас ұрпақтың бой­ында отансүйгіштік қасиетті қа­лыптастырып, оларды ерлік ру­хында тәрбиелеу жұмыстарының жалғасуы нәтижелі екендігін де назардан тыс қалдырмады. Игілікті іс қашанда өз жемісін беретіндігі сөзсіз. Тәуелсіздік алға­ны­на небәрі жиырма жыл ғана толатын жас мемлекеттің аз ғана мерзім ішінде экономикасының қа­рыштап дамып, әлемде таны­мал мемлекетке айналуы осы уа­қыт ішінде атқарылған орасан еңбектің нәтижесі. Халықтың әлеу­меттік ахуалы айтарлықтай жақсарды.
қасиетті Отан­ның бостандығы мен тәуел­сіздігі жолында сұрапыл да жой­қын соғыста қыршынынан қи­ылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Басқыншылардың «фашистік армия жеңілмейді» деген аңызы­ның күл-талқанын шығарып, жой­қын шайқасқа немістің 50 танкісі қосылғанда танктер ша­буы­лын қатарынан екі рет тоқ­татқан 28 панфиловшы батыр­лар­дың ерен ерлігі мен қаһар­ман­дығы ешқашан ұмытылмақ емес және ұмытылмайды да. Соғыс­тың соңғы нүктесінің Қостанай об­лы­сында  құрылған Кутузов ор­денді 150-ші Идрицтік атқыш­тар дивизиясының қатысуымен қой­ы­луы да көп нәрседен хабар берсе керек.
Елдің басына үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген сол бір ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр уақытта оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлердің көр­сеткен өшпес ерлігін, қаһар­ман­дық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналуға тиіс.
– Ерлікке – мәңгі тағзым, біз мұны әрдайым есімізде сақтай­мыз және уақыт өткен сайын май­дангерлердің, яғни сіздердің жауынгерлік қаһармандық ерлік­теріңізді жиі еске алатын бола­мыз. Майдангерлердің соғыстан кейінгі қираған қалаларды, мемлекетті қалпына келтіруге қосқан үлестері де сүбелі. Біз бүгін Қа­зақстанда мақтаныш етіп отыр­ған экономика да сіздердің кө­мектеріңізбен, тікелей ықпал­да­ры­ңызбен жүзеге асырылды. Кезінде мен күш-жігерлеріңіздің бар кезеңінде сіздермен бірге ең­бек еткен адаммын, енді бүгінде жаңа толқынмен еңбек етудемін. Жас қазақстандықтардың аға ұр­паққа деген құрметі мен терең тү­сіністігі, туыстық рухы қанша­лықты күшті екендігін көріп те жүрмін. Осы қиыншылықтың бә­рін көрген, басынан кешкен еліміз бейбіт, ядролық қарусыз өмір үшін күрестің, сондай-ақ көрші елдермен туыстықтың, ынтымақ­тас­тықтың қолдаушысы болып келеді. Бір құптарлығы, біздің елімізде бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық салтанат құрған, әри­не, онда сіздердің – соғыс ардагерлерінің де үлесі зор. Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер. Мықты денсаулық тілей отырып, өз еңбектеріңізбен, өз сөздеріңізбен жас ұрпаққа бү­гінгі тәуелсіз Қазақстан үшін қа­жетті патриоттық рухта тәрбие­леу­дің, баулу мен өзара құрметтің үлгі-өнегесін көрсете беріңіздер, өйткені бұл күллі әлемге қажет құндылық.
***

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! 
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. 
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!
Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетов

***
Әскери прокуратура органдарының жеке құрамы атынан Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс Күнімен құттықтаймын!
9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі.
Жыл сайын мәңгілік алауы жанына Отан қорғаушыларын, батырларды еске алып, гүл шоқтарымен рахметін айта келгендер жиналады. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Құрметпен, 
Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры

***
Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Қымбатты ақтөбеліктер!
Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 65 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.
Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да біз аймақтық  ауқымда ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасаудамыз.
Қымбатты ардагерлер!
Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмайсыздар, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.
Қымбатты ақтөбеліктер! Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!
Шын пейілді құрметпен,
облыс әкімі                                                                       

***
Құрметті тыл еңбеккерлері!
         Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
        Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс  болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Бұл – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі.
Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі.
Өзінің қайғы қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды.
        Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік.
        Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты.
Егер Сіздердің сол зұлмат соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл адамдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан болмас еді.
Биылғы Ұлы Жеңіс мерекесі тәуелсіздіктің жиырма жылдық белесімен орайлас келіп отыр.
Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай!
        Біз Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз.
        Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екеніміздің мақтан етеміз.
Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке-бірлікте, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне ат салысып жүргендеріңізді мақтан етеміз.
ХХ ғасырдың ең алапат – шайқасы екінші дүниежүзілік соғыста Қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті.
Қазақстандықтардың ішінен 500-ден астам Кеңес Одағының Батыры шыққанын айтсақ та жеткілікті.
Біздің ауданымыздан Ұлы Отан соғысына 9 мыңға жуық азамат аттанып, тең жартысынан астамы туған жерге оралмады. Олар Отан үшін шейіт болды.
Біз бүгінгі ұрпақ өкілдері олардың өлмес рухына әрқашан да бас иеміз.
Қаламыздан 6 бірдей Кеңес Одағының Батыры Бейсен Онтаевтың, Берген Исахановтың, Садық Исмаиловтың, Иван Журбаның, Нағи Ілиясовтың, Ережепбай Молдабаевтың шыққанын мақтан тұтамыз.
Жыл өткен сайын біздің ардагерлеріміз жасаған ерліктің даңқы сөнбейді.
Уақыт бізден бұл оқиғаны алыстатқан сайын, жарқын болашақ үшін қасқайып тұра білген Жеңіс солдаттары атқарған тарихи миссияның мән-маңызы да соғұрлым жарқырай бермек.
Біз жеңімпаз қаһармандарға сөзбен ғана емес, нақты іспен де құрмет көрсетуге, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін күнделікті қамқорлыққа бөлеуге, оларға көңіл бөліп, жайлы тұрмыс жағдайларын жасауға шақырамыз.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан қорғаушылар күні салтанатпен аталып өтілуінде ұрпақтар сабақтастығының үлкен мәні бар.
Кейінгі ұрпақ ағалары мен аталарының, апаларының ерлік отансүйгіштік дәстүрін лайықты жалғастыруда.
Олар кеше интернационалистік борышын ерлікпен атқарса, бүгін Отан қорғау міндетін абыроймен орындауда.
Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
***

Құрметті тыл еңбеккерлері!
Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.
Сіздердің ерліктеріңіз– біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі шуақ шашатын болады.
Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін боламыз.
 
Мерекелеріңізбен, қымбатты ардагерлер!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, құт-береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!
/Арыс қаласы әкімдігі сайтынан/

7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтау
Жеңіс күніне арналған өлеңдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу