Заман туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-12-2019 3062

Заманына қарай заңы,

Тоғайына қарай аңы.


Заманына жақсаң, адамына жағасың.


Заманадан қорлық көрсең,

Зұлымды аға дерсің.


Заман ауғанда иттер қара қасқа болады.

Картинки по запросу жизнь

Заманды себеп билейді.


Жасы бір құрдас емес,

Заманы бір құрдас.


Еңбек - адамының көркі,

Адам - заманның көркі.


Әр заманның үлгісі өзіне қымбат.

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Жылдам оқу дағдысын қалай қалыптастыруға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу