Абай Құнанбаев. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 2462

Абай Құнанбаев - қазатың бас ақыны. Ағартушы, философ, компазитор, жазба әдебиеті мен қазақ тілі әдебиетінің негізін қалаған әдебиет жанашыры 1845 жылы Шыңғыс тау бөктерін мекендеген Тобықты елінде дүниеге келген. Баланың қалыптасуында ата-ана мен әженің орнынын маңызды екенін Абайдың өмір баянынан байқаймыз. Жастайынан әжесі Зеренің ертегі-хиссаларын тыңдап өскен баланың ойы терең, қиялы ұшқыр, түсінігі мол болып өсері сөзсіз. Абайдың оқу-білімге деген қызығушылығын байқаған әкесі оны Семейдегі медресеге білім алуға жібереді. Тек діни білім алып қана қоймай орысша хат танып, орыс жазушыларының шығармаларын оқып, оны өз бетінше аудара бастаған.

abai.jpg

Абай жастайынан өте зерек, ақылды болып ер жетіп, әкесімен бірге ел билеу істеріне ертебастан араласа бастаған. Ол өзінің бойындағы ақындық қасиетін 10 жасында алғашқы өлеңін жазып көрсетеді. Ал оның ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда». Негізінен, Абайдың әрбір өлеңі мағынасы мен құрылысы жағынан ерекшеленіп, дараланып тұрады. Оның «Сегіз аяқ», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» сынды терең мағыналы өлеңдері шығармашылық жаңалық. Сонымен қатар, Абай шебер аудармашы да бола білген. Орыстың ақындары А.Пушкин, М.Лермонтовтың өлеңдерін қазақшаға аударған. Поэма жанрында да өз орынын қалдыра білген ақынның «Масғұт», «Ескендір» мен  «Әзім» шығармалары және бар. Қазіргі уақытта біз онық өлеңдерімен қоса қара сөздерінде оқып жатырмыз. Абай қара сөзі  терең философия мен тәрбиеге тұнып тұр. Бұл қара сөздері орыс, француз, қытай сынды өзге тілдерде аударылып әлем жұртшылығына таралды.

Қаншама уақыт өтседе Абай есімі қазақ атауымен қатар жүреді. Оның алтынға бергісіз асыл сөздері мен шығармашылығы өскелең ұрпақтың жүрегіне  мақтаныш пен елге деген сүйіспеншілікті орнатары сөзсіз. Абай қазақ халқына Алланың берген сыйы, ұлт мақтанышы. Оның өнегелі ғұмыры әркез жас буынға үлгі болып қала бермек.


Қазақ хандығы (реферат)
Ұлы Жібек жолы (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу