Ашық сабақ: Теңдеу және оны шешу тәсілдері

Oinet.kz 02-09-2020 816

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау.

Дамытушылық: логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.

Тәрбиелік: өзара ынтымақтастыққа, еңбекті құрметтеуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, қырағылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: ойландыру, ой - шақыру, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка.

Пән аралық байланыс: ана тілі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігі.

Психологиялық дайындық.

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік.

Жеткізеді біздерді

Математика сырына.

Сабақ жоспары: 1 - слайд

1. Бәйге.

2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

3. Мен саған - сен маған.

4. Еңбек түбі - береке.

5. Бойы сергектің, ойы да сергек.

6. Ой толғаныс.

7. Қорытынды.

8. Бағалау.(дұрыс жауапқа ұлттық қол өнер бұйымдары таратылады)

2. Үй тапсырмасын тексеру. 2 - слайд

№9(оқушылар оқиды, тақта арқылы тексеріледі)

3 - слайд.<< Бәйге>> ойыны арқылы(өткенді қайталау)

1. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?

(тіктөртбұрыш)

2. Ауданды қалай табамыз?(ұзындығын еніне көбейтеміз) S=a*b

3. Көлемді қалай табамыз?(ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз) V=a*b*h

4. Фигураның периметрін қалай табамыз?(барлық қабырғаларын қосамыз)

5. Жылдамдықты қалай табамыз?(қашықтықты уақытқа бөлеміз) V=s: t

6. Теңдеу деген не?(белгісіз саны бар теңдік)

4 - слайд. Жаңа сабақ. Жұмбақты шеш.

Адасқан екі таяқ

Тұрады жоқты сұрап.(х)(теңдеу шешуде пайдаланады)

Теңдеу шешу деген не?- белгісіз санның мәнін табу.

Теңдеудің шешуі деген не?- бұл белгісіз санның мәні.

5 - слайд. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 2 - кезең.

Оқулықпен жұмыс.№1

Х+20*8=2600

Х+160=2600

X=2600 – 160

X=2440

40*6+x=9400

240+x=9400

x=9400 – 240

x=9160

x*(40: 4)=12600

x*10=12600

x=12600: 10

x=1260

(190 - 90)*x=38600

100*x=38600

x=38600: 100

x=386

2440+20*8=2600

2440+160=2600

2600=2600

40*6+9160=9400

240+9160=9400

9400=9400

1260*(40: 4)=12600

1260*10=12600

12600=12600

(190 - 90)*386=38600

100*386=38600

38600=38600

№2

12+B=72: 2 (x+20): 5=6

12+B=36 x+20=6*5

B=36 - 12 x+20=30

B=24 x=30 - 20

a: 10=960: 2

a: 10=480

a=480*10

a=4800

2400:(c - 12)=10

c - 12=2400: 10

c - 12=240

c=240+12

6 - слайд. 3 - кезең. Мен саған - сен маған.

БАСПАЛДАҚ ОЙЫНЫ.

ТЕЗ ЕСЕПТЕУ. ------------

*1

----------------

- 20000

-------------------------

+(450: 50)

------------------------------

+1500

--------------------------------

674*31

------------------------------

7 - слайд. 4 - кезең. Еңбек түбі - береке.(мағынаны ашу).

№5 а) есепті шығар.

Басқұр - киіз үй әшекейіне арналған тоқып жасалатын бау. Киіз үйдің ішін безендіру үшін,

әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын бау түрі. Киіз үй жабдығы.

Қыл арқан - аттың жалы, құйрығынан жасалады. Қыл арқан шірімейді, төзімді, қатты.

Есеп оқылып талданады.

а). Басқұр ұзындығы - 3м, 5есе қысқа.

Қыл арқан -? м.

Ш: 3*5=15(м)

Ж: қыл арқанның ұзындығы15 метр.

ә). X: 5=3

X=3*5

X=15

---------------

15: 5=3


№6. 8 - слайд.(ауызша оқылып, талданады).

Баға саны құны

? 6 1800

? 8?

Баға= құны: саны 1800: 6=300(тг) (1 кесенің бағасы)

Құны= баға*саны 300*8=2400(тг) (8 кесенің бағасы)

9 - слайд. 5 - кезең. Бойы сергектің, ойы да сергек.

№7. Қалдықпен бөлуді орында және тексер.

1529: 4=382(1қ) (Бөлінгішті табу үшін, бөлгішті бөліндіге көбейтіп, қалдықты қосамыз)

4*382+1= 1529 (қалдық бөлгіштен кем болады)

1<4

1437: 6=239(3қ)

6*239+3=1437

3<6

1358: 3=452(2қ)

3*452+2=1358

2<3

40987: 8=5123(3қ)

8*5123+3=40987

3<8

10 - слайд. Ой толғаныс. 6 - кезең.

№8. Фигураның ауданын тап.

11 - слайд. Қорытынды. 7 - кезең.

Қызықты есептер.

1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неге?

2. Су жағасына тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда?

3. Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте 263 дана алма даярланды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?

12 - слайд. Үйге тапсырма №9. 123 - бет. Бағалау.

Ашық сабақ. Математика. 7 сынып. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Ашық сабақ. Математика. 3 сынып. Бір әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу