Туған күнге өлең, тілек, құттықтаулар

Oinet.kz 02-09-2020 1999

Абырой, амандығың арта берсін.

Бақ - дәулет қызығымен қатар берсін,

Қонағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм - тұзыңды тата берсін.

Осындай ойын - сауық бол берсін,

Үй - іші той - думанға тола берсін,

Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай

Баршаңа бақыт құсы қона берсін.

Осы үйге көп - көп қылып бала берсін

Балаға таудай талап, сана берсін,

Бәрі де балалардың өнерлі боп,

Бақыты барған сайын жана берсін!

Осы үйге сұлу мінез келін берсін,

Келінге адал ниет, пейіл берсін,

Ақ көңіл, ата - анаға мейірімді боп,

Қызығын бала - шаға түгел көрсін

Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.

(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),

Ағайын, туған - туыс, жекжаттарың –

Баршасы сау - саламат, өсіп - өнсін!

*****

Құдайым көктем берсін,

Көктем берсе – көптен берсін,

Құдайым жаздай берсін,

Жаздай берсе – жазбай берсін,

Құдайым күздей берсін,

Күздей берсе – үзбей берсін,

Құдайым қыстай берсін,

Қыстай берсе – қыспай берсін!

*****

Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,

Болсын дейміз әрдайым бағың басым.

Отбасыңа тілейміз біз амандық,

Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.

*****

…. туған күнің құтты болсын!

Ағайын - туысқанмен ортаң толсын.

Бір көрген адам Сізге көңілі толған,

Туысқан бауырларға сыйлы болған.

Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,

Өзіңді балаларың арқаласын,

Жасыңа дәл осындай жас қосылып,

Көңілің дариядай жарқырасын.

*****

Той - думан болсын өмірің сарқылмайтын,

Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.

Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,

Орындалсын ой - арман тілегіңіз.

*****

Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық - қуанышыңыз мол болсын.

*****

Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.

******

Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.

*****

Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік,

көрер қызығыңыз мол болғай!

Туған күнге тілектер, құттықтаулар
Мектеп бітіруші түлектерге арналған тілектер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу