Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу. 4 сынып. Сапарғали Бегалин өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 05-10-2018 1603

С. Бегалин. Қырдың жас түлегі

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
С. Бегалин. Қырдың жас түлегі

Мақала авторы: Рашаева Калдыгул Жайкожаевна
Жұмыс орны: Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы ,№275 орта мектеп
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 18.05.2016


Сыныбы: 4 «Ә»
Пәні: әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин. Қырдың жас түлегі.
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнымен таныстыру , тақырыбы мен идеясын ашу.
Міндеттері: — оқушыларға С.Бегалин туралы шығармашылығы туралы мәлімет беру, Шоқан бейнесімен таныстыру, өмірі, шығармашылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру;
— оқушылардың өзбетінше ізденуін,шығармашылық қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету.
— туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдістері: баяндау, әңгімелеу, талдау, түсіндірмелі-көрнекілік, дамыта оқыту технологиясының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карта.
Техникалық құрал жабдық, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға.
Күн сәулесінен шуақ алып, жадырап отырайық! (Топтарға күн шуағын тарату).
1-топ – Шуақ, 2-топ – Сәуле, 3-топ –Нұр, 4-топ –Шұғыла.

— « Әдебиет» -тек асыл мұратпен, таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген екен ұлыларымыз, осы рухани асқарға жетелейтін қасиетті әдебиет сабағын бастаймыз.
Әдебиеттік оқу пәні арқылы нені оқып үйренеміз?
-дұрыс оқып ,сауатты жазуды,
-оқу арқылы ішкі рухани дүниемізді байытуды,
-мәтін мазмұнын айтуды,
өлеңді мәнерлеп оқуды,
-мақал-мәтел мағынасын ашуды үйренеміз.
Сонымен ,балалар қазір әдебиет сабағы. Үйге қандай тапсырма берілген еді?
Авторы Ұлықман Әбілдаұлының «Әке нұсқаған жолменен» мәтінін оқу, мазмұнын айту. Абай туралы деректер жинау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
4 топ бойынша тапсырмалар сұралады.
1-топ: «Әке нұсқаған жолменен» мәтінін мазмұндау.
2-топ: Абайдың шығармашылығы туралы әңгімелеу.
3-топ. Абай Құнабаев жайлы деректер айту.
4-топ. Табиғат жайлы жазылған өлеңдерін жатқа айту.
III. Өткен сабақты қорытындылау
1. Әр топ алдарындағы хаттағы сұрақтарға жауап береді.
— Әкесі Абайға не деп үміт артты?
-Абайға әкесі қандай тапсырмаларды орындатушы еді?
-Абай туралы Кәкітай не деп жазды?
-Абайдың қандай әндері бар?
-Сонымен, балалар осы мәтіннен не ұқтық?
Мұғалім сөзі:
IV. Жаңа сабақ
1. Ребус шешкізу.
2. Ұлы тұлғаларды танимыз ба? Сәйкестендіру.
3.Тұлғаны тану.
— Бүгінгі өтетін сабағымыз «Қырдың жас түлегі» деп аталады. Сабағымыз ұлы тұлғалардың бірі Шоқан Уәлиханов туралы.
Авторы: Сапарғали Бегалин (Өмір жолын бір оқушы, шығармашылығын екінші оқушы айтады.)
Ш. Уәлихановқа тоқталу.
Фильмнен үзінді.
4. Ой шақыру. Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді іштей оқыту.
2 . Жер-су аттарын белгілеу, түсінбейтін сөздерді белгілеу. Картамен жұмыс.
3. Сөздік жұмыс
Қырдың жас түлегі- қазақ жерінде туып өскен бала.
Қамау көше –тұйық көше .
Кадет корпусы-патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны.
4. Сұрақ қою арқылы мәтінге шолу жасау.
— Ертіс бойына балалар қай кезде келеді ? — Шоқан қай жердің табиғатына тамсана қарады? Шоқанның бойын қандай сезім биледі?
— Оның жанына кім келді?
— Шоқан мен дәрігер не жайлы әңгімелесті?
5. Суретпен жұмыс.
6. Мәтінді рөлге бөліп оқыту.
7. Дәптермен жұмыс
Жиырма үшінші қараша.
С. Бегалин .
Қырдың жас түлегі .
Туған жер- алтын бесік.
8. Сергіту сәті
Күндей болып күлейік
Гүлдей болып өсейік,
Құстай болып ұшайық
Көбелектей қонайық.
9. Топтық жұмыстар:
1-топ. Туған жерге байланысты мақал-мәтел айту.
2-топ .Шоқанға мінездеме.
3-топ. Бес жолды өлең құру.
4-топ. Венн диаграммасы
V. Қорытындылау
Келісемін, келіспеймін.
1. Шоқан Уәлиханов зерттеуші, саяхатшы,ғалым.
2. Кадеттегі балалар Сырдария бойына келді.
3. Шоқан Омбы қаласында білім алды.
4.Корпус дәрігері Евгений Матвеевич.
5.Шоқан қырдың баласы.
(Оқушылар жауабын өздері тексеріп ,бағалайды.)
6. Ассосация.
7. Жалғастыр. (Оқушылар кез-келген сөйлемге өз ойларын жалғастырып айтады).
I-топ. Бүгінгі сабақта…..білдім
II- топ. Бүгінгі сабақта…білдік.
III- топ. Сабақтан соң …келеді.
IV-топ. Мен өзімді …. мақтар едім.
Мұғалім:
VI. Үйге тапсырма. «Қырдың жас түлегі» әңгімесін оқып, түсінгенін айту. Ш. Уәлиханов туралы дерек жинау.
VII. Бағалау. Әр оқушы жинаған күн шуағын көрсетеді бағаланады.


Реферат. Қола дәуіріндегі Қазақстан
Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу. 3 сынып. «Туған елім – туған жерім» тарауы бойынша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу