Ашық сабақ. Сценарий «Ақтық сөз» Қайрат Рысқұлбеков

Oinet.kz 06-10-2019 4120

Сценарий “Ақтық сөз”

  oquzaman  0 Comments

Жұмағалиева Күнзия Айтқалиқызы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары  қаласы,

№7 Есқайыр Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


«Ақтық сөз» бес көріністі инцинировка (мектеп сахнасына арналған)

 

Қатысушылар:

Қазақ жастары.

Жасақшылар.

Қайрат-  Алматы сәулет иниститутының стуенті.

Құттыбек- Қайратпен бірге ұсталған, түрмеде бірге отырған жігіт.

А.Дубаев- тергеуші.

Түрме қызметкері.

Жазушы.

Тергеуші –екіншісі.

Ұрпақ- оқушылар.

 

Инцинировканы жазуға жазушы Коммунар Табейдің « Қайсар рухты қазақ»  атты еңбегі пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1-Көрініс.

« Елім- ай» әнінің әуені. Сахна ашылады.

1986 жыл, желтоқсан айы. Алматы. Республика алаңы.Алаңда қазақтың өрімдей жастары.

Жастар. Өз басшымыз өзімізге!

Біз Колбинге қарсымыз!

Қазақты қазақ басқару керек! (Дауыстары зілді, нық ,алға қарай ұрандатып, шерулетіп келеді.)

Бұлардың алдарынан толық мұздай қаруланған, дубинка, таяқ, жетектеген иттері бар жасақшылар шығады.Бірден қым- қуыт жағдай орын алады.Бейбіт жолмен шеруге шыққан қазақ жастарын қолдарындағы қаруларымен ұрып құлатып, боқтық сөздерімен де намысқа тиюде. Қыздарды шаштарынан сүйреп, жігіттерді тепкінің астына алуда.

Жасақшы.( Қайратты ұстап алып.) Ты, нацист, кого хочешь обмануть,что, не нравится русские. Да, тебя учили, кормили, теперь ты хочешь перевернуть Советскую власть, молокосос! За 70 лет Советскую власть никто не мог перевернуть  тебе куда!? (сөзбен  де, ұрып соғып та намысын таптап, сүйрелей жөнеледі.)

                                                       2-көрініс.

(«Желтоқсан желі») әнінің әуені.

Сахна ашылады.  Камера іші. Өте көңілсіз, сұрқай. Камерада Қайрат пен Құттыбек. Үстеріндегі кимдері жыртылған, бет-ауыздары ісіп, жараланған.

Қайрат. Құттыбек, ертең бәріміз шығамыз, бүгін бізді ұрып- соғып қорлағандар әлі- ақ жауап береді. Заң алдында, Ар алдында, Алла алдында!

Құттыбек. Иә, Қайрат, айтқаның келсін!  «Үмітсіз шайтан» деген, үміттенеміз! Алдан жақсылық күтеміз ғой.

Темір есік сықырлап ашылды.

Түрме қызметкері. (Қайратқа.) Бол, тұр. Жауап алуға шақырып жатыр.(Қолына кісен салып алып кетеді.)

                                                        3-көрініс.

Тергеушінің алдында.

Тергеуші.( А.Дубаев.) Жасақшы Савицкийді өлтіргеніңді мойныңа ал. Бәрібір, мойныңа алдыртамыз, иттің баласы.

Қайрат. Иә, мен сідерден жасырмаймын, 18 желтоқсан  күні алаңға бардым, барғанда,  біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын көзіммен көрейін дедім. Екіншіден, « алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып- соғып, өлтіріп жатыр» дегенді елден естіген соң, қарап отыруға еркектік намысым жібермей, әйел затына ер болып, өз қол ұшымды  беріп көмектесуге барғаным рас. Оған өш өкінбеймін, керсінше, мақтанамын. (кішкене тоқтап.) Әйелге айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрелегені үшін, бір милицияны ұрғаным да рас. Бірақ оған ештеңе болған жоқ, дін аман. Менің бар қылмысым- осы ғана. Адам өлтірген жоқпын. Ол- жала.

Тергеуші. Сен не деп оттап тұрсың, иттің баласы, нацист.Одан да өлтірдім деп айта сал. Жазаңды өтегесін түрмеден шығасың, тірі қаласың.

Қайрат. Жоқ! Жоқ!Мен істемеген ісімді  «істедім» деп мойныма ала алмаймын.

Тергеуші. Онда су түбіне кетесің, сволощ! (Қасындағыларға ымдайды.) Олар Қайратты бас көзге қарамай төпелей бастайды. Қайрат талып қалады. Оны сүйрелеп камераға алып кетеді.

4-көрініс.

Тағы да сахнада « Елім- ай» әнінің әуені.

Камерада отырған Қайрат. Әуенмен қатарласа Қайраттың «Ақтық сөзі» естіліп тұр.

Иә, жұмыр басты  пендеге ақыры бір өлім. Менің жазықсыз екенім бір Аллаға ғана аян. Елім, халқым үшін жаным садақа!

Елбең- елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай, бабалар,

Ұлы көсем бабамыз

Қатарға тең деп тартқан соң,

Компартия басқарып,

Достық отын жаққан соң,

«Аға!» дедік орысты

Әділдігі жаққан соң.

«Ақтық сөзің не?» деген

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма

Жоқ пиғыл менде жасымақ:

Салт- санадан айрылып,

Арақтан ұрпақ азбасын!

Ел көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбасын!

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жармасын!

Құлпытасын қиратып,

Өлігіңді қазбасын!

Өз ұлтыңның басшысын

Орнынан сүйреп алмасын!

Үміт еткен Мәскеуден

Қарадай көңіл қалмасын!

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңіл қалмасын!

Ендігі жерде басыңнан

Бірлік пен бақ таймасын!

Осы айтылған ақтық сөз

Туың болсын әрдайым!

Мойныма алып жазаны

Мен болаын құрбаның.

Хош, аман бол артымда

Ағайын-туған, азамат!

Артымда қалған ата анам,

Ел- жұртым, саған аманат!

Қош болыңдар! Қош бол, жарық дүние! Бұл дүниеден опа таппадым! Мүмкін,іздегенім Одүниден табылар!

                                                    5-көрініс. Эпилог.

Арада біршама уақыт өтті.Тергеушінің бөлмесі. Жазушы мен тергеуші сөйлесіп отыр.

Жазушы. Қайраттың қанатын қиған кім? Қидырған кім?

Тергеуші. Сіздер мені дұрыс түсініңіздер. Бұл істі әлі күнге дейін жіті қадағалап отырған адамдар бар. Вообще бұл арада менің ешқандай қатысым жоқ. Оқиға болған түні Мұқышева деген барып, «осмотр» жүргізген.Ал, ертеңіне прокурор тексеруді маған тапсырды. Бірақ , біраздан соң жоғарыдан телефон соғылып,мәйітті тез арада жерлеу жөнінде нұсқау берілді. Сөйтіп, жан- жақты тексеру жүргізе алмадым.

Жазушы. Кім нұсқау бергенін айта аласыз ба?

Тергеуші. Ол үшін маған үлкен бір адамның кепілдігі керек. Қызмет бар, бала шаға дегендей…

Жазушы. Ондай сүйеу, қорғаныш болар кісі табылса, ақиқатын айтасыз ба?

Тергеуші. Білмеймін…

Жазушы. Бұл іске Власенконың қаншалықты қатысы бар?

Тергеуші. Оның ешқандай қатысы жоқ.Ол аса қауіпті баскесер болғанман, кез келген сәтте құрбандыққа шалынатын жәй пешкі.

Жазушы. Ноғайбай ақсақалдан (Қайраттың әкесі.) жуырда хат алдық.  «Айналайын, кетер бала кетті,өлмектің артынан өлмек жоқ. Ұлымның артында ащы өкініш, жұмбақ сыр қалды. Өкініші менікі болғанмен, жұмбақтың түйіні өзіңде көрінеді. Қанеки, інім, мені қинама. Власенко хатында ұрлық жасадың деп мені қамап тастады. Қайрат сияқты асылып өлуге көндірмек. Мұның сыры неде?» депті хатында.

Сіз не айтасыз?

Тергеуші. Айттым ғой, Власенко көп құпияны біледі деп. Тіпті бет- жүздерін тануы да ықтимал.Сондықтан, оның көзін жоюға тырысатындар қарап жатпайды. Қысымға шыдамай шикі істі мойнына алса, онда шындықты су түбіне кетті дей беріңіз. Бұл спектакльді ойлап тапқандар осыны қатты ескерген.

Жазушы. Ақиқат үшін күрестің қаншаға созыларын кім білсін? Түбінде әділдіктің, әйтеуір,бір жеңетініне көңіл сенеді.Тек, уақыттан ұтылып жатқанымыз ғана өкінішті. Иә, әділдік жеңеді, Қайрат та ақталады. Тек сол күнге тезірек жетсек екен!(кетеді.)

 Ұрпақ үні.(Сахнада  ақын Жұбан Молдағалиевің  «Мен Қазақпын!» өлеңін , әрі қарай  төмендегі сөздерді оқиды.)

Иә. Сол күнге де жеттік. Міне, содан бері 25 жыл өтіпті. Қазақ елі  көк байрағы желбіреген Тәуелсіз ел болды. Сол тәуелсіздік жолында жандарын пида еткен жастарымыз бүгінде толық ақталды. Қайрат Рысқұлбеков  «Халық қаһарманы» мемлекеттің  жоғары атағын алды. Елі үшін шырылдап, жанын шүберекке түйген ұлдың «Ақтық сөзіндегі»  тілегі болды.Біздер, жас ұрапқ, өмір бойы армандаған және бір сәтте тыным алмай  күрескен Ата- бабаның , Сендердің алдарыңда мәңгі қарыздармыз! Біз сені мәңгі ұмытпаймыз, Қайрат аға!

 

Соңы. Шымылдық.


Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сөйлем
Ашық сабақ. Қазақ тілі. Тіл туралы зияткерлік сайыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу