Филология. Реферат. Қазақ тілі қосымшаларының морфологиялық вариант жасау моделі

Oinet.kz 09-09-2020 862

Бұл мақалада сөз варианттарын жасауға қатысатын қазақ тілін­ дегі қосымшалардың, оның ішінде есім сөздердің варианттарын жа­ сайтын жұрнақтардың ерекшеліктері қарастырылып, инновациялық модель жасау ерекшелігі сөз етіледі. Қазіргі қазақ тіліндегі вариант­ тылық проблемасы тіл білімінің ең маңызды салалаларының біріне жатады. Тіл қоғаммен тығыз байланысты және ол тарих тағлымына да тән. Сөздердің жасалу теориясында да вариант мәселесі қомақ­ ты орын алады. Тілдегі варианттылықтың мәні, оның туу жағдайлары мен себептері, даму бағыты мен олардың сөздік құрамға әсері қоғам үшін аса актуалды болып табылады. Себебі, сөз варианттары тілдің байлығы саналады. Өйткені әрбір тілдің қандай дәрежеде дамып, жетілгендігі, оның оралымдылығы варианттар арқылы көрінеді. Қа­ зіргі қазақ тіліндегі тіл мәдениетінің өзекті меселелерінің бірі де сөз варианттарын зерттеу екендігі даусыз.

Тілдегі жарыспа тұлғалардың түрленісі мен жүйелілігі кез келген тілде кездеседі. Бұл әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерінен туындайтын динамикалық құбылыс. Осыған байланысты лингвистикада грамматикалық варианттылық мәселесі кешенді қарастырылады. Шетелдік, отандық ғалымдардың көпшілігі тілдегі варианттылық мәселесіне ерекше көңіл бөліп, оны адам танымының жемісі ретінде бағалаған.

Тілдегі варианттылықтың мәні, оның туу жағдайлары мен себептері, даму бағыты мен олардың сөздік құрамға әсері қоғам үшін аса актуалды болып табылады. Себебі, сөз варианттары тілдің байлығы саналады. Өйткені әрбір тілдің қандай дәрежеде дамып, жетілгендігі, оның оралымдылығы варианттар арқылы көрінеді. Қазіргі қазақ тіліндегі тіл мәдениетінің өзекті меселелерінің бірі де сөз варианттарын зерттеу екендігі даусыз. Бұл мақалада сөз варианттарын жасауға қатысатын қазақ тілінде гі қосымшалардың, оның ішінде есім сөздердің варианттарын жасайтын жұрнақтардың ерекшеліктеріне тоқталып, инновациялық моделін айқындау көзделеді.

Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы тіл білімінің ең маңызды салалаларының біріне жатады. Тіл қоғаммен тығыз байланысты және ол тарих тағлымына да тән. Сөздердің жасалу теориясында да вариант мәселесі қомақты орын алады. Сөз варианттары да әлеуметтік ерекшеліктерге қатысты болады. Сөз мағыналарының тепе-теңдігі варианттылықтың белгісі, ал сөздердегі мағыналардың қатыстық жақындығы, жуықтығы синонимдерге тән қасиет. Тіл ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан халық мұрасы, ұлттық мәдени құбылыс. Халық тілінің басқа элементтерімен біте қайнап келе жатқан варианттылықты, синонимдерді оқып, танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшеліктерін толық түсіну мүмкін емес. Сөздер мағыналық дәлдігін сақтай отырып, қоғам дамуындағы әр түрлі құбылыстардың ықпалымен өзінің қалыпты тұлғасынан өзгеше бірнеше вариантта айтылуы мүмкін. Бұл – варианттылық терминінің мәнін көрсетеді.

Басқа түркі халықтары тілдеріндегідей, қазақ тіліндегі сөздердің варианттылығы сан жағынан мол, ауызша және жазбаша тілде түрлі стильдік мақсатта қолданылады, сөздердің варианттылығын зерттеу арқылы тек тілдің өткенін, түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы халықтың мәдениетін терең білуге болады. Әйтсе де, қазақ тіліндегі варианттылықтың әлі ашылмаған қыр-сыры жетерлік.

«Вариант» термині – (латынның «өзгермелі» деген сөзі) белгілі бір заттың, нәрсенің, құбылыстың әр түрлі айтылуы ретінде түсіндіріліп келеді. Тек бұл бірліктер мағыналық тепе-теңдігін сақтауы тиіс. Тілдегі жарыспалық құбылысының (варианттылық) негізгі мәні – осында. Жарыспалық – әдеби нормалардың қалыптасу процесінде болатын заңды құбылыс.

«Тіл-тілге ортақ заңдылық бойынша ықшам, жинақы қолданыстар (варианттар) тілдің коммуникациялық қызметіне қолайлы көрінеді. Тілде өмір сүруші осы формалар тіл білімінде варианттылық теориясын құрайды», – дейді Н. Уәлиев [1, 175].

Жарыспалықты тілдің барлық қабатынан көруге болады. Осыған байланысты, тілде жарыспалықтың фонетикалық, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, орфоэпиялық, орфографиялық түрлері, грамматикалық, синтаксистік параллелизмдері көрсетіледі. Мысалы: балалар//баладар, жұбатты//жуатты, жылауық// жылаңқы//ылағыш, өңге//өзге, жартыдай//жартылай даусы//дауысы, жай//жәй, рақат//рахат, алып кет//әпкет, болғанмын//болғанмын, алғашында//алғашқы кезде//ілкі әзірде, келіпті// кепті жарыса қолданылады. Бұлар тілдің жеңілдеуі, ыңғайлы болуы үшін қажет жарыспаларды құрайды. Бір ғана зат, құбылыс, іс-әрекет атауларының осылай жарыса қолданылуы норма тұрғысынан құпталмайтын жайт. Өйткені жарыспалар уақыт өте келе мағыналық саралануға ұшырап, тілдің қажеттілігіне сәйкес қосымша қызметке ие болып, тіл мәдениетін арттыруға, оны дамытуға өзіндік үлесін қосып отырады.

Жұрнақтар сөз тудыру қабілетіне қарай, стилистикалық реңіне қарай ерекшеленіп келеді. Сөздерде болатын синонимдік қасиет жұрнақтарда да болады. Синонимдес жұрнақтардың мағыналары қаншалықты жақын болса да, олар тең болмайды. Олардың мағыналық және стилистикалық ерекшеліктері болады. Мағыналас жұрнақтардың жалғанатын сөздерінің аясында да өзара айырмашылықтар болады. Олар кейде түбірге талғамай қосылғандарымен, бірі жалғанған түбірге екіншісі жалғанбайды.

Морфологиялық вариант құрайтын сөздер әртүрлі сөз табынан бола бермейді, бір ғана сөз табына қатысты болады. Әр басқа сөз табына жататын сөздердің вариант болуы, тек бірлі-жарым сан есімнен ғана ұшырасады. Мысалы: екі-қос, пар-егіз, екіден бірі-жартысы-жарымы, төрттен бірі – ширек, сияқты сан есім мен вариант қатар құрайтын сөздер басқа сөз табына (зат есімге, сын есімге) жатады.

Қазақ тіліндегі морфологиялық вариант құрайтын сөздер көбінесе зат есім, сын есім, етістік сөз табынан кездеседі [2, 36-40].

Қазақ тілінде сөз тудыратын үш түрлі тәсіл бар. Оның бірі – морфологиялық (синтетикалық) тәсіл, екіншісі – синтаксистік (аналитикалық) тәсіл, үшіншісі – морфологиялық – (синтаксистік) синтетикалық-аналитикалық тәсіл.

Осы келтірілген мысалдардан зат есім сөздердің бәріне ортақ абстракцияланған жалпы грамматикалық мағынасы танылған, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категориялардың варианттылығын көрсетеді. Қоғам дамыған сайын тілдегі элементтердің тиімділігі, тілге жатықтылығы, үйлесімділігі, адамның ой-пікірін жетізуге жарамдылығы ескеріліп, қолданыла келе сұрыпталып, жалпыхалықтық сипат алып, әдеби нормаға түседі. Зат есім сөз табынан вариант болып қолданылып жүрген сөздердің әдеби сыңарын орнықтыру тіл мәдениетін арттыру үшін, әдеби тілдің дамуы үшін ерекше маңызы бар.

Сыртқы тұлғасына қарағанда сын есім мен зат есім бірдей бірдей болып, атау тұлғасы күйінде тұрғанда тұлғалық айырмашылығы жоқ сияқты болып көрінеді. Сын есімде формант жоқ, яғни,. сын есімге септік, көптік, тәуелдік жалғаула ры жалғанса, ол бұрынғы сын есімдік қалпынан айрылып, субстантқа айналады да, заттық мағынасы басым болады. Сын есімнің негізгі синтаксистік қызметі –анықтауыш болу. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдерге тән ең мықты белгінің бірі оның сөйлемде анықтауыш қызметін атқаруы. Тіліміздегі басқа грамматикалық категориялар сияқты сын есім категориясы да біртіндеп дамитын тарихи категория. Грамматикалық сөз варианттарының түрлері өте көп. Сөздерге жұрнақтар жалғанғанда белгілі бір сөздің мағынасы пайда болады. Бұл – тіліміздің тарихи дамуының бір көрінісі. Заттың сыр-сипатына байланысты ұғымдарды білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы бар. Оның әр заттың сынын, сипатын, түрін, реңін, салмағын, сапасын адамның ойлаған мақсатына, көңіл күйі мен көзқарасының әуеніне қарай айтайын деген сезім пікірін нақтылы, дәл, әрі көркем етіп жеткізуде атқаратын қызметі үлкен.

Сөздердің синонимдік қатарларының құрамы әртүрлі болатыны белгілі, ол сөздер іштей өзгерістерге ұшырайды. Осы өзгерістер егер мағыналары пара-пар болса, сөздердің бір-біріне морфологиялық вариант жасауына себепкер болады. Сөз таптарының ішінде сын есім сөздердің вариант болып жұмсалып жүргендері де кездеседі. Сын есімдер морфологиялық, синтаксистік, морфологиялық-синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады. Сын есім сөз табының морфологиялық сипаты жағынан өзіне тән ерекшелігі бар. Зат есімге тіркесіп, негізгі қызметін атқарғанда сын есім ешқандай өзгеріске ұшырамайды тәуелденбейді, септелмейді, көптелмейді.

«Сын есім өзге сөз таптарынан зат есіммен, үстеумен әрі ортақ, әрі формалық сөз тудыратын жұрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жасайтын арнаулы жұрнақтар бар, сын есімнен сын есім тудыратын шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып есептеледі» – дейді белгілі ғалым А. Ысқақов [3, 167].

Морфологиялық тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» деген еңбегінде професор Н. Оралбай: «Әр сөз табының ерекшелігін танытатын өзіндік морфологиялық көрсеткіштері болады. Олар екі түрлі, бірі – сөз табының грамматикалық категорияларының көрсеткіштері, екіншісі – сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары. Бұл екі түрлі морфологиялық көрсеткіштің екеуі де сын есімде бар»[4, 136].

Болмыстағы заттар сан түрлі болғандықтан олардың сындық көрсеткіштері де алуан түрлі болады. Қолданыстағы сөйлемде сөйлемнің қажетіне қарай түрленген грамматикалық сөзтұлға жасаушы көрсеткіштермен алмастырып алмауымыз керек. Сын есім сөздер мынадай тұлғаларда болады: негізгі түбір сын есімдер, туынды түбір, біріккен түбір, қос сөз, тіркесті күрделі сын есімдер болады. Шырайдың әртүрлі сөзтұлғасында қолданылғанда, сын есім сөйлемде шырай категориясының жұрнақтарымен түрленіп, сөздің морфемдік құрамы өзгеріп, көмекші морфемалардың саны өседі.

Есім тудыратына өнімді жұрнақтардың бірі

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшасы. Бұл жұрнақтар есім сөздерді жасауда мынадай модель құрай алады.

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшалары арқылы негізгі және туынды зат есімдерден олардың нақтылы лексикалық мағынасына қарай, белгілі бір заттың немесе құбылыстың барлығын, молдығын білдіретін морфологиялық варианттар жасалады.

Сырқатты//сырқаулы. Денсаулығы бұзылған, ауруы бар.

Данияр сырқатты болып, ауыл мектебін дер кезінде оқи алмаған (С. Омаров). Жасы болса алпысты алқымдаған Асыл соңғы кезде сырқаулы боп алды (Е. Мырзахметов).

Ибалы//ибадатты//инабатты. Әдеп сақтағыш, тәрбие көрген, кішіпейіл.

Жасамыс әйел ибалы қылықпен иілді де, топты бастап, емхананы аралады (З. Шашкин). Кішіпейіл, білімді, ойы зерек, ибадатты боп келсін, арсызданбай (Қ. Аманжо лов). Инабатты, ибалы жастардың әйелге көрсететін лайықты құрметіндей түсінді (Ә. Нүрпейісов).

Боранды//борасынды. Бораны көп, бораны бар.

Күнсіз, айсыз боранды далада Хасен мезгілдің қай уақыт екенінен де адасты (І. Есенберлин). Жайдары жарқын жаздың орнына борасынды қыс келетіні сияқты, кезінде азаматқа ашу мен ыза да лайық (Ж. Жұмаханов).

Келісті//келісімді. Жарасып тұратын, әдемі де сәнді көрінетін, қонымды, тартымды.

Келісті кеңес шықсын қай тұлғаңнан («Айтыс»). Аққұба, сымбатты, қаз мойын, бота гөз сұлу жан екен, киген киімдері де келісімді (І. Есенберлин).

Жарастықты//жарасымды. Әдемі де сәнді көрінетін, жарасып тұрған.

Қыз бала жарастықты әдеппен отырып, көз астымен мөлдіреп Махмұт ағасына қарапқарап алады (Д. Әбілев). Сыртынан қарағанда, ерекше ұқыпты киінген, өзіне жарасымды қою қара шашы бар (М. Әуезов).

Аумақты//ауқымды. Көлемі үлкен, аумағы кең.

Бұғының мүйізі басқа мүйізді аңдарға қарағанда ауқымды келеді («Түсіндірме сөздік»). Оның көтерер жүгі, айтар моралі, суреттер уақыиғасы, бейнелейтін адамы романдағы дай кең де аумақты, әр тарапты боліға тиіс (Ф. Оразаев).

Ұзаққа шабатын алымды жүйрік бар күшін жолдың екінші жартысына жұмсайтыны белгілі.

Салмақты//салиқалы. Өзін-өзі ұстай білетін қасиетке ие.

Сәбира күйеуі ауданға қанша ж ыл басшы болса да, баяғы байсалды мінезінен аумайды (Т. Ахтанов). Қағазбайдың әйелі Зәуре орта бойлы, шұбар жүзді, салмақты адам (Б. Соқпақбаев). Қабиба шешей – жетпіске жетіп қалған салиқалы да сабырлы қария (А. Сатаев). Жанат жай басып колхоз көшін байыпты көзбен өткізіп келеді (Ғ. Мұстафин).

Көріп отырғанымыздай, бұл келтірілген мысалдардағы туынды сын есімдер морфологиялық варианттарға жатады.


Әдебиеттер

  1. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 118 б.

  2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1964.

  3. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1974.

  4. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2006.

  5. Чалтыкенова Л. А. Сын есім сөз табынан жасалған сөз варианттары // Түркі әлемі: Тіл, қоғам, мәдениет профессор Б. Сағындықұлының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2009. – Б. 359-367.

Т. Әбдіков шығармашылығындағы кейіпкер болмысы және авторлық концепция
Филология. Реферат. Қазақ әдебиетіндегі әскери прозаның қалыптасуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу