Қазақтың би-шешендері туралы шығарма

Oinet.kz 14-09-2020 1901

Қазақтың би – шешендері от тілді, орақ ауызды, кез – келген дау-дамайды шеше білген, елінің тәуелсіздігі үшін дарынымен тас жарған адамдар ретінде тарихта қалған. Олар өз дәрежесіне қарай руішілік, руаралық, тіпті екі елдің арасындағы дауды да соғысқа жеткізбей ділмарлығымен шешіп отырған.

Қазақтың үш биі.jpg

Би – шешендердің өмір сүру кезеңдеріне байланысты шешендік өнерді халық ауыз әдебиетінде 4 топқа бөліп қарастырады.

1. ХІІ-ХІІІ ғасыр (Майқы би, Аяз би)

Бұл кезеңнің ерекшелігі, қазақ халқы үшін шешендік өнердің бастау алуы болып табылады. Халық ішінде «Түмен сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз қалған.

2. ХІV-XVI ғасыр (Жиренше шешен мен Асан қайғы заманы)

Бұл екі тұлғаны әр қазақ азаматы біледі. Жерұйықты аңсаған Асан қайғы және өнеге мен өмірлік ұстанымға толы

Жиренше шешеннің сөздері тарихта мәңгі қалмақ.

Жоғарыда айтылған екі дәуір шешендерін қазақ «Ел құрасқан шешендер» дейді. Себебі, бұл дәуірлерде Қазақ елі атты мемлекет жаңа құрылып жатқан болатын. Сол замандарда мемлекеттің нығаюы мен гүлденуіне себепкер болған, осы бір жезтаңдай, батыр шешендеріміз болған екен.

3. ХVII-XVIIІ ғ бұл заман қазағымыздың төбе билері Ұлы жүз биі-Төле би, орта жүз биі – Қазыбек би және кіші жүз биі – Әйтеке би өмір сүрген замандар. Жоғарыда ел құрасқандар дәуірі болса, бұл- ел қорғасқандардың ғасыры болғаны анық.

4. XVIII-XIX ғасырлар хандар мен болыстарға қарсы шешендердің дәуірі. Бұл кезеңдер елді әділетсіздік жаулаған кездер болды. Өктем таптың езгісіне шыдай алмаған орақ ауызды батырлар қаймықпастан хандар мен болыстарға қарсы шықты. Бұл қарсылықтардың кейбіреуі жеңіспен,ал кейбіреулері жеңіліспен аяқталып жатты. Бұл заманның өкілдеріне біздер Әз Жәнібек, Бала би, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы секілді данышпан, батырларымызды жатқызамыз. (Кейбір деректерде бұл ғасырлар жеке-жеке бөлініп көрсетеді.)

Қазақ халқы үшін би – шешендер билік құрған дәуірлер кемеңгерлік пен бейбіт өмірдің символы іспеттес. Ол кездерде жазу-сызу дамымады, алайда қанша заман өтсе де би – шешендеріміздің қалдырған мұрасымен біздер әлі де сусындаудамыз. Бұл – тарих елеулі адамдарды шеткері қылмайтынының тағы бір дәлелі.

Адамның ғұмырын бір – ақ сөз өзгерте аларын білген би – шешендеріміз, толағайдай толғанып әділдікті орната білген екен.

Соты мен қарауылы жоқ заманда бір – ақ ауыз сөзбен әділдік орната білген жандарға неге тағзым етпеске?

Қайырымдылық туралы шығарма. Нарын хан
Ұстаз туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу