Тәрбие сағат: Әке – отбасының діңгегі

Oinet.kz 29-09-2020 802

Мақсаты  : ата-аналар  мен  сынып   жетекшісінің  және  оқушылардың  арасында  тығыз байланыс қалыптастыру,оқушылардың  адамгершілік  қасиеттерін,сана-сезімін  дамыту. Ата-анасын  қадірлей  білуге,құрметтеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі

 бейнематериалдар,нақыл  сөздер  жазылған   плакаттар,сұрақтар  жазылған қағаздар.

Барысы  :

Жүргізуші     Әке,әке,әке   осы  сөз  мейірімді,  естір  құлаққ жағымды.Әке  бізге әрқашан  мейірімді, сабырлы.Әке -әулет басшысы, отбасы мүшелерінің  тірегі ,асырап  сақтаушысы, қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы ,өзгелермен қарым-қатынас,өнер баланың көз алдында үлгі-өнеге  алатын , соған қарап өсетін нысанасы.

І  бөлім  «Менің  әкем»

Бұл бөлімде оқушылар өз әкелерін қара сөзбен таныстырып өтеді .

1- оқушы:  «Әке»  деген  сөз  қандай  жақын,қандай  ыстық.Менің  өмірдегі  ең     қымбат  адамым-менің   сүйікті   әкешім.

2- оқушы  : Біздің  тамағымыздың  тоқтығы  оқуымыздың   сапасы,ұйқымыздың   тыныштығы-осының    бәрі  де  асқар  таудай  айбатты   әкелердің  арқасы.

3- оқушы : Әке  әркімнің  сүйенер  тіреуі.Әкені  ардақтай  білу  керек,өйіткені  ол  отбасының  ең  басты  мүшесі.

4- оқушы :          Өсірген  баптап  баласын,

Әкелер  әркез  «Жарайсың»

Бар  өнерін    үйреткен,

Әке-деген  ардақты  ат.

Әке деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді , соны бір сөзбен айтып шығыңдар .

 

 

 

ІІ  бөлім     «Бала  тілімен    »

Бұл   жердегі  мақсат   арадағы   түсінушіліктің   қандайлық  дәрежеде  екендігі,төзімділік,шыдамдылық,сұрақ  қоя  білу  мәдениеті  сарапталады.
Оқушыларға суреттер көрсетіледі , бала соны әкесіне жұмбақтап айтады .

ІІІ  бөлім  «Біз  екеуміз  бірге»

Әкесі  мен  баласы  бос  уақыттарында    бірге  қандай  іспен  айналысатындары  туралы  айтады.Бірге сөзі қалмауы керек .

Мысалы : Біз екеуміз бірге кітап оқимыз   т. б

ІҮ  бөлім   Көрініс   «Әке  мен  бала»

Пікірсайыс   кезегін

Берейік  ата-анаға.

Кімнің  сөзі  келісті,

Әкелер  пікір  бөлшіссін,

Тақырып-болсын  тәрбие,

Ой  қозғалсын  жемісті.

Келесі  кезекті  осы  көрініс  бойынша  әкелер  өз  ойын  ортаға  салады.

Ү бөлім  Сіз  білесіз бе ?

Әкелерге тез жауап беретін сұрақтар қойылады

1)Балаңыздын  туган  күні ?

2)Балаңыздын  сүйікті  асы ?

3)Отбасының  басшысы  кім ?

4)Балаңыздың  ең  жақын  досы?

5)Балаңыздың  арманы

6)Сынып  жетекшісінің  толық  аты-жөні ?

7)Қай  пәнді  жақсы  көреді ?

8)Мектептің  мекен-жайы ?

9) Қандай  газет  журнал  оқиды ?

10)  Отбасы  дегенді қалай  түсінесіз     т.б

ҮІ бөлім  «Бала  тәрбиесі  бесіктен »

Бұл бөлімде тыйым сөздер мен ырым сөздер айтылады .

Мысалы : Отқа су  құйма түкірме

Үйге  қарай  жүгірме

Бас киіміңді  лақтырма

Жағыңды таянба     т.б

ҮІІ бөлім « Өмірімнің  жалғасы  сенсің»
Үй  тапсырмасы. Әрбір  ата-ана баласына  тілегін  арнап  кітап  сыйлайды

Қортынды  бөлім

Сәулелі  сөзі  сөне ме

Орны  бөлек  батаның

Бізге  тәлім  өнеге

Ақ  тілеуі  әкенің .

Тойға   қуат  береді-

«Әй  жарайсың»   дегені,

Мен  әкемнен  әр  кезде,

Соны  естігім  келеді.

Ойнаймыз,күлеміз,

Жарқылдап  жүреміз.

Әкені   сыйлаймыз

Айтқанын  тыңдаймыз.

Теңіздей  шалқып  жүремін,

Сүйенер  сенсің  тірегім.

Барсам  да  қайда,жан  әке,

Өзіңмен  бірге  жүремін.

Сізсіз   әке-ең  ақылды,ең  шыншыл,

Сізсіз  әке-ең  жақыным,ең  сыршыл.

Шуақ  шашқан  қашанда  асыл  жүрегің,

Қабыл  алғын   бала  жүрек     тілегің.

Мұғалім :

Ұлың  өсіп  ержетті  жігіт  болып,

Қызың   өсіп  бой жетті үміт  болып.

Мың   алғыс ата-анаға  біз  арнаймыз,

Өнерлі  боп  өстік  біз  ақыл  толып.

Жыр  арнап,ой  қозғадық  кең  көлемде,

Балаларың  бейім  ғой  әр  өнерге.

Бас  иіп  ата-анаға  алғыс  айтып,

Қосамыз  біз  сіздерді  енді  өлеңге.

Хор  : «Әкешім»


«Ұстаз болу — жүректің батырлығы» ашық тәрбие сағатының сценарийі
Тәрбие сағат: «Ақылына көркі сай қазақ қызы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу