Балабақша: Аквариумдағы балықтар

Oinet.kz 04-10-2020 1646

Түлкібас ауданы «Састөбе» ауылы «Қарлығаш» балабақшасы  тәрбиешісі Акжолова Мадина Джурсимбековна 

Ашық сабақ тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»


Білім беру саласы: Шығармашылық

 Мақсаты аквариумдағы балықтар, өсімдіктер болатыны туралы түсіндіру: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, елестете білу, қиялын дамыту, тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: Табиғат бұрышындағы аквариум, ойыншық балықтар, дайындамалар, сулық үлестірмелі материалдар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: балықтар туралы мәлімет беру.

Сөздік жұмыс: желбезек, жүзбеқанаттар, қабыршақ, аквариум.

Билингвальді компонент? Балық-рыба-фиш, желбезек-жабры-гилс, жүзбеқанаттар-плавник-фин, қабыршақ-чешуя-скейл.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан балақай,

Жарқырайды күн аспанда алақай.

Атқан таңға шыққан күнге сәлем беріп

Тілейін бақыт баршаңызға осындай!

Біз ерекше баламыз

Біз еңбекқор баламыз!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып қимылдар жасай отырып,   өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық іздененістік

Қысқаша балықтар туралы видео сюжет.

-балалар біз ауада тіршілік жасаймыз, ал балықтар қайда   тіршілік етеді. Бүгін біз су әлемімен, ондағы балықтармен танысамыз.

-балалар мынау қандай балық?  (Балықтарды көрсетіп) орыс тілінде рыба, ал   ағылшын тіліндефиш деп аталады. Балалар балықтардың дене бітімі қандай   пішінге ұқсас екен?

-Балықтардың мынау несі? Басында аузы, көзі желбезегі   болады.Балықтар желбезегі арқылы дем алады. Желбезек-орыс тілінде жабра ал   ағылшын тілінде-гилс балалар қане қайталайықшы. Мынау балықтың денесі, денесінде   қабыршақтары бар. Қабыршақ-чешуя-скейл. Денесінде тағы жүзбе қанаттары бар,   олармен жүзеді, бірақ олармен ұша алмайды. Жүзбе қанат-плавник фин. Құйрығы   бар, онымен жүзуге ыңғайлы. Балықтың денесі осындай 3-бөліктен тұрады. Басы   ,денесі, құйрығы (осы кезде су толқынының дыбысы естіледі)-балалар тыңдайықшы   ненің дауысы естіледі? Ішке су патшайымы кіреді балалармен амандасып ол   өзінің су әлемінде балақтардың азайып бара жатқанын айтады да өзімен әкелген   аквариумдағы балықтарды көрсетеді.

-балалар су патшайымының алып келген затына назар   аударайықшы.

-бұл аквариум неден жасалған? Аквариумарнайы балық   өсіруге арналған ыдыс, оның ішіндебалықтар, балдырлар, тастар, суы барарнайы   ауа жіберетін құралы бар.Аквариумдағы балықтарға үнемі адамдардың қамқорлығы қажет.

-балалар аквариумде 3- түрлі балық бар екен. Мынау қара   түсті балық аты-«моллинези» ал мынау ақ-қара жолақты балық-«гурами» деп   аталады. Ал енді мына қызыл-сары бұл –алтын балық. Балықтарды уақытылы   арнаулы тамақтармен қоректендіріп отырамыз. Су патшайымы:

-балалар сендер өте ақылды, еңбекқор әрі тапқыр   екендеріңді естіп, арнайы сендерден көмек сұрап келдім. Сендер маған   көмектесе аласыңдар ма?

-балалар олай болса сендер өз қиялыңдағы балықтарды   жасаңдар деп дайын үлгілермен жасау жолдарымен таныстыру. Әр балаға үлгі   бойынша жеке-жеке жұмыс жасату.

Сергіту сәті:

Біз жүземіз оң жаққа,

Біз жүземіз сол жаққа.

Шоршимыз көл астында,

Ыршимыз көл үстінде.

Тұңғиыққа батамыз

Тәтті ұйқыға жатамыз

Ал, балалар, дайын болған жұмыстарыңды көрсетіп,   таныстырып өтіңдер. Ал балалар бүгінгі ашық оқу іс-әрекеттерін   қорытындылайық. Бүгінгі жиында біз нелер туралы сабақ өттік? Балықтар сусыз   тіршілік ете алады ма? Балықтардың денесі неше бөліктен тұрады? Қандай   бөліктерден? Дұрыс жарайсыңдар балалар! Енді мына суреттер бойынша   тілектеріңді білдіріңдерші. Балалар олай болса біз табиғатты қорғайық, суды   ластамайық, оны таза ұстайық, өйткені онда мекендейтін басқа да тіршілік   иелері бар. Табиғатты аялайық достар! Балалар сендер бүгінгі жиынға өте жақсы   қатыстыңдар! деп мақтау, мадақтау

Балалар түсініп көреді

 

Суда тіршілік етеді

 

 

Ойыншық балық

Сопақша басы

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шыны ыдыстан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия көмектесеміз

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлең жолдарынайтып, қимылмен көрсетеді.

 

 

 

Балалар өз жұмыстарын айтып, әңгімелеп береді

 

 

 

Үш бөліктен бас ,дене ,құйрығы.

 

 

 

 

Балалар өз тілектерін білдіреді.

 

Күтілетін нәтиже. Жасайды: жабыстыру тәсілімен ұсақ бөлшектерді өз қалауы бойынша жабыстырады.

Түсінеді: аквариумда балықтар, ұлулар, өсімдіктер болатынын түсіндіреді.

Қолданады: Табиғат бұрышында тұрған аквариумдағы балықтарды күтуде оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдылары.


Балабақша: Көлеңкелі үйшік ертегісі
Балабақша: Күшік, мысық және тышқанның достығы ертегісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу